Былтыр Түркістан облысында 1 млн-ға жуық көшет егілді
Түркістан облысының елдімекендерін көгалдандыру мақсатында көктем айларында – 491 106 түп, ал күз айларында 506 323 түп әртүрлі көшет егілді. Өткен жыл қорытындысымен жалпы облыс көлемінде 1 миллионға жуық ағаш отырғызылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Өңірлік коммуникациялар қызметінің мәліметінше, Мемлекет басшысының Жолдауындағы республиканың орман қоры аумағына 2021-2025 жылдары 2 млрд көшет егу жөніндегі тапсырмасын іске асыру мақсатында облыстың орман қоры аумақтарына 5 жылда 110 мың гектар жерге 170 млн ағаш егу жөнінде кешенді жоспар бекітілген. Сонымен қатар облыс әкімдігімен бекітілген 2021-2025 жылдарға арналған ормандарды толықтыру және орман өсіру көлемін ұлғайтудың кешенді жоспарын 2026-2027 жылдарға дейін қайта қарастыру бойынша Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің ұсынымы назарға алынған. Нәтижесінде 2021-2027 жылдарға арналған кешенді жоспар былтыр мамыр айында қайта бекітілген.
Былтыр жыл қорытындысымен 27 866,5 гектар жерге 39 757,7 мың түп сексеуіл тұқымдары мен көшеттері отырғызылып, жоспар толығымен орындалған.