Жаңалықтар

Былтыр мемлекеттік борыш көлемі 1,3 трлн теңгені құраған – депутат

Былтыр мемлекеттік борыш көлемі 1,3 трлн теңгені құраған – депутат
Фото: t.me/mazhilis_kz 20.06.2023 16:15 772

Мәжіліс депутаты Анас Баққожаев ҚР Парламенті палаталарының бірлескен отырысында премьер-министр Әлихан Смайыловтан мемлекеттік борыштың көлемін азайту үшін қандай шараларды қабылдап жатқанын сұрады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

2022 жылғы бюджеттің шығыс бөлігін негізінен салықтық, салықтық емес және ұлттық қордан бөлінген трансферттер, ал қалған бөлігі қарыз қаражатынан қамтамасыз етіп отыр. Бұл, менің ойымша, өте қауіпті нәрсе. 2030 жылға дейін мемлекеттік қаржыны басқару бойынша тұжырымдамаға сәйкес 2030 жылға қарай мемлекеттік борышты өтеуге және оған қызмет көрсетуге арналған шығындар жалпы бюджет шығындарының 10 пайызынан аспауы тиіс. 2022 жылдың қорытындысы бойынша бұл көрсеткіш 7 пайызды құрап отыр. Ақшамен алатын болсақ 1,3 трлн теңге. Бұл 2021 жылмен салыстырғанда 320 млрд теңгеге көп, - деді депутат өз сауалында.

Осы уақытқа дейінгі алынған қарыздарды қайтаруға арналған қаражат мемлекеттік борышты өтеуге, оған қызмет көрсетуге арналған шығыстардың жалпы жиынтығы 2,9 трлн теңгені құрап отырғанын айтты.

Бұл шығыс бөлігінің 15,5 пайызы. Ұлттық қордан түсетін трансферттерді ескермесек, бұл мемлекеттік кірістің 25,2 пайызы. Осыған орай, Әлихан Асханұлы, мемлекеттік борыш көлемін азайту үшін қандай шаралар қолданылып жатыр? Сонымен қатар мемлекеттік борышқа байланысты орташа және ұзақ мерзімдегі перспективалар бойынша болжамыңыз қандай? - деп сұрады Баққожаев.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға