БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриш Алматыға келді
Фото: Алматы қалалық әкімдігі
Фото: Алматы қалалық әкімдігі
03.07.2024 11:03
647
БҰҰ Бас хатшысы 3-4 шілде күні Алматы мен Астанада болып, Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевпен кездеседі, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Бас хатшы 4 шілдеде Шанхай ынтымақтастық ұйымының саммитіне шақырылған. Ол «ШЫҰ Плюс» сессиясында сөз сөйлейді.
Бұл Бас хатшының Қазақстанға екінші ресми сапары. Алғашқы ресми сапар 2017 жылы болды.
Антониу Гутерриштің Қазақстанға ресми сапары көпжақтылыққа және жаһандық мәселелерді шешуге арналған ұстанымдарды нығайтуға бағытталған маңызды қадам болып табылады. Қазақстан мен БҰҰ арасындағы ынтымақтастық әлемдік бейбітшілік пен тұрақты дамуға қол жеткізу жолында маңызды рөл атқарады.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Келесі жаңалық
Абай Бегейдің құдаларының тойы тағы қызу талқыға түсті