Жаңалықтар

Бұрынғы вице-министр Светлана Жақыпова жаңа қызметке кірісті

Бұрынғы вице-министр Светлана Жақыпова жаңа қызметке кірісті
Фото: parlam.kz 12.06.2023 12:05 9910

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бүгін бұрынғы ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Светлана Жақыпованы жаңа қызметке тағайындады, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды. 

Ол Қазақстан Республикасы президенті жанындағы халықтың әлеуметтік жағынан осал санаттарының құқықтары жөніндегі уәкілі қызметіне кірісті.

Айта кетейік, Светлана Жақыпова 1968 жылы Қарағанды облысында дүниеге келген. Біраз жыл ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі болған. 2019 жылы Астанадағы бес қыздың өлімінен кейін орнын босатқан. Сол кезде журналистер вице-министрден неліктен ата-аналарға түнде жұмыс істеуге тура келетінін сұраған. Светлана Жақыпова «Бұл олардың таңдауы» деп жауап берген еді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға