Бұрынғы қорғаныс министрі ШЫҰ бас хатшысы болып тағайындалды
04.07.2024 15:00
Фото:
primeminister.kz
Қазақстанның бұрынғы қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев ШЫҰ бас хатшысы болып тағайындалды. Мұндай шешім Астанада өтіп жатқан ШЫҰ саммитінде қабылданды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Ермекбаев бұған дейін ШЫҰ бас хатшысының орынбасары болған. Енді ол 2025-2027 жылдар аралығында бас хатшы қызметін атқарады.

