Бұрынғы ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев 2 айға қамалды
Фото: ІІМ
Фото: ІІМ
02.05.2024 17:33
1030
Қазақстанның бұрынғы ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев 2 айға қамалды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
29 сәуірде ауыр зардаптарға әкеп соққан билік пен лауазымдық өкілеттіктерді асыра пайдаланғаны үшін (ҚК-нің 362-бабы 4-бөлігі) Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 128-бабы тәртібінде ішкі істер экс-министрі Ерлан Тұрғымбаев ұсталды. Қылмыстық істе мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтердің болуына байланысты сотқа дейінгі тергеп-тексерудің басқа деректері жария етуге жатпайды.
Айта кетейік, Ерлан Тұрғымбаев ІІМ-ін 2019 жылдың ақпанынан бастап басқарып, 2022 жылы Қаңтар оқиғасынан кейін көп ұзамай қызметінен босатылған еді.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Астанада жолақысы қымбаттайды
Келесі жаңалық
Сарбаздарға ҰБТ-сыз оқуға түсу сертификаты табысталды