Бұрынғы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министрі ұсталды
01.07.2025 12:10
Фото:
primeminister.kz
2025 жылғы 1 шілдеде бұрынғы еңбек және әлеуметтік қорғау бірінші вице-министрі Ақмәди Сарбасовтың ұсталғаны белгілі болды, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
2025 жылғы 9 сәуірден бастап ол ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Еңбек ресурстарын дамыту орталығының президенті қызметін атқарып келген.
Министрліктің баспасөз қызметі бұл ақпаратты растады.
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі «Еңбек ресурстарын дамыту орталығы» АҚ басшысының ұсталғанын растайды. Министрлік тергеу органдарына заңға сәйкес қолдау көрсетуде. Тергеу барысына қатысты барлық сұрақтар уәкілетті органдардың құзырында, – делінген ресми хабарламада.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

