«Бұршақ, жаңбыр, дауыл». Алдағы күндері ауа райы қандай болады
Фото: pixabay.com
Фото: pixabay.com
11.07.2024 09:22
781
«Қазгидромет» РМК синоптиктері 11-13 шілдеге арналған ауа райы болжамын жасады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Синоптиктердің мәліметінше, атмосферадағы синоптикалық жағдайға оңтүстік циклон әсер етеді, ауа райы бұлтты болады деп болжанып отыр. Өткінші жаңбыр жауады.
Солтүстік-батыста, оңтүстік-шығыста, 12-13 шілдеде батыста, 13 шілдеде оңтүстікте, орталықта кей уақыттарда қатты жаңбыр жауады. Қазақстан бойынша найзағай ойнап, бұршақ жауады, дауыл тұрады, жел күшейеді деп болжануда.
Ауа температурасы күндіз еліміздің батысында +25+30°С дейін, солтүстік-батыста +20+30°С дейін төмендейді, ал республиканың солтүстігі мен шығысында +28+38°С дейін жоғарылайды, қалған аумақта өзгеріс болмайды.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Еуро-2024: Англия құрамасы финалға шықты