iStock

«Бұршақ, шаңды дауыл, тұман». Алдағы күндерге арналған ауа райы болжамы шықты

19.05.2025 16:45

Қазгидромет мамандары алдағы күндерге арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Синоптиктердің болжамынша, алдағы күндері Қазақстан аумағында циклондық әрекеттің әсерінен тұрақсыз ауа райы күтіледі: найзағайлы жаңбыр, бұршақ, екпінді жел, шаңды дауыл және тұман. Тек шығыста, сондай-ақ 20-21 мамырда оңтүстік пен оңтүстік-шығыста жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.

20 мамырда түнде Батыс Қазақстан облысында, 22 мамырда күндіз Ақтөбе облысында қатты жаңбыр жауады. Оңтүстік пен оңтүстік-шығыста шаңды дауыл, ал оңтүстік-батыс пен шығыста тұман күтіледі.

Ауа температурасы:

  • Батыс пен солтүстік-батыста: күндізгі температура +18...+28°С-тан +15...+25°С-қа дейін төмендейді.
  • Солтүстікте: күндізгі температура +20...+26°С-тан +20...+29°С-қа дейін көтеріледі.
  • Орталық пен шығыста: күндізгі температура +20...+28°С-тан +22...+33°С-қа дейін көтеріледі.
  • Оңтүстікте: күндізгі температура +25...+35°С-тан +28...+38°С-қа дейін көтеріледі.
  • Оңтүстік-шығыста: күндізгі температура +22...+30°С-тан +30...+38°С-қа дейін көтеріледі.
  • Ауа райының өзгеруіне байланысты тұрғындарға ауа райы болжамдарын қадағалап, сақтық шараларын ұстану ұсынылады.