Жаңалықтар

Бұршақ, шаңды дауыл: 13 маусымға арналған ауа райы болжамы

Бұршақ, шаңды дауыл: 13 маусымға арналған ауа райы болжамы
Фото: ©El.kz/Бауыржан ЖУАСБАЕВ 13.06.2023 04:14 798

Синоптиктер 13 маусымға арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.  

 «Қазгидромет» РМК ұсынған болжамға сәйкес, республиканың басым бөлігінде өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды.

Қазақстанның оңтүстік-батысында, қиыр шығысында және оңтүстігінде синоптиктер ауа райы жауын-шашынсыз болады деп болжады, – деп дейді синоптиктер.

Республикада желдің күшейеді, оңтүстікте, оңтүстік-батыста, орталықта шаңды дауыл тұрады, солтүстікте бұршақ жаууы мүмкін.

Маңғыстаудың басым бөлігінде, Атырауда, Батыс Қазақстанның оңтүстігінде, Ақтөбе облыстарының оңтүстік-батысында аптап ыстық болады.

Астанада көшпелі бұлт шығады, күндіз өткінші жаңбыр жауады, найзағай ойнайды. Солтүстік-шығыстан соғатын жел түнде 5-10, күндіз 9-14, екпіні 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде +12+14°С, күндіз +23+25°С.

Алматыда көшпелі бұлт шығады, күннің соңында өткінші жаңбыр жауады, найзағай ойнайды. Шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады 3-8, найзағайдың екпіні 13 м/с. Ауа температурасы түнде +18+20°С, күндіз +30+32°С.

Шымкентте көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің күші 8-13, күндіз екпіні 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде +20+22°С, күндіз +36+38°С.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға