Жаңалықтар

«Бұршақ, дауыл және жел». Демалыс күндері күн суытады

«Бұршақ, дауыл және жел». Демалыс күндері күн суытады
Фото: pixabay.com 26.07.2024 14:52 626

«Қазгидромет» РМК мамандары алдағы күндерге арналған ауа райы болжамын жасады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Алдағы күндері Қазақстанның ауа-райын оңтүстік циклон қалыптастыратындықтан, өткінші жаңбыр жауады.

27 шілдеде Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Павлодар облыстарында, 28 шілдеде Абай облысында, 29 шілдеде Шығыс Қазақстан облысында кей уақыттарда қатты жаңбыр жауады. Республика бойынша найзағай, бұршақ, дауыл және жел күшейеді деп күтілуде.

Ауа температурасы еліміздің солтүстік-батысында, солтүстігінде, орталығында түнде +8+13°С дейін, күндіз +15+25° дейін, шығыста күндіз +23+32°С-қа дейін біртіндеп төмендеуі күтіледі, қалған облыстарда күрт өзгерістер болжанбайды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға