Бүркіт: Балаларымды ақылы мектептен шығарып алдым
Көпшілікке Бүркіт лақап атымен танымал әнші Айбек Жансейітов «7 арнаның» «Сырласу» бағдарламасына берген сұхбатында балаларын неліктен жеке мектептен шығарып алғанын түсіндірді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Өнер иесі балаларын жалпы мектепке беруді жөн көрген.
Ақылы мектепте әр сыныпта 14-15 баладан оқиды. Бала «3-ке» оқыса, «4» қояды, «4-ке» оқыса, «5» деген баға қояды. Ол түсінікті ғой. Сондықтан балаларды ақылы мектептен шығарып алып, бір сыныпта 30 бала оқитын, далаға шыққанда бір-бірімен алысып ойнайтын мектепке беру керек дедім. Аиша қарсы болды, бірақ менің айтқаным болады дедім. Қайнап жатқан орта сол жақта. Төбелесетін кезде төбелеседі, сыйластықты да сол жақта үйренеді. Әйтпесе күнделікті басынан сипап, «жақсы баласың» дейтін не мектеп ол, - деді әнші.