Бурабайдағы тау шыңында туристер құтқарылды
13.08.2025 20:04
Фото:
Төтенше жағдайлар министрлігі
Бурабай курортында туристер Көкшетау тауының шыңына шығып, өздігінен шыға алмаған, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Оларға құтқарушылар көмекке келді. Атап айтқанда, Ақмола облысы ТЖД жедел-құтқару жасағының қызметкерлері туристерді қауіпсіз түрде төмен түсірді.
Құтқару жұмыстары шамамен екі сағатқа созылған. Абырой болғанда туристерге медициналық көмек қажет болмаған.

