Жаңалықтар

Бурабайдағы Rixos қонақ үйінің 17 қызметкері тамақтан уланды

Бурабайдағы Rixos қонақ үйінің 17 қызметкері тамақтан уланды
Фото: ©El.kz/Артем ЧУРСИНОВ 07.09.2023 13:24 829

Бурабайдағы Rixos қонақ үйінің 17 қызметкері тамақтан уланды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Rixos қонақ үйінің 17 қызметкері ауруханаға денсаулығының нашарлауы бойынша арызданған. Дәрігерлердің олардың барлығына "тамақтан улану" диагнозын қойды. Ал, тоғыз адам Көкшетау қаласының жұқпалы аурулар орталығына жатқызылды.

Ақмола облысы санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Сәуле Сәдуақасованың айтуынша, Rixos қонақ үйінің қызметкерлері арасында 17 улану оқиғасы тіркелген.

Көкшетау қаласының жұқпалы аурулар орталығына жатқызылды, қалған науқастар амбулаторлық ем қабылдайды, жағдайлары қанағаттанарлық7 Бурабай аудандық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы қонақ үйге жоспардан тыс тексеріс жүргізді. Қонақ үй персоналы, оның ішінде ас блогы тексерілді. Тамақ өнімдерінің сынамалары, шайындылар, тамақ суының сынамалары алынды. Енді, зертханалық зерттеулер аяқталғаннан кейін, уланудың себептері айтылады. Алынған сынамалардың барлығына зерттеулер жүргізіліп жатыр, - деді С.Сәдуақасова.

Көкшетау көпсалалы қалалық ауруханасының директоры Сәкен Қалымжановтың хабарлауынша, ауруханаға уланған тоғыз адам келіп түскен. Олардың барлығы-18-20 жас аралығындағы жастар. 

Айта кетейік, уланғандар ішінде хостелде жатқан студенттер де бар.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға