Жаңалықтар

Бурабайда коронавирус жұқтырғандардың саны артқан

Бұл туралы облыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті баспасөз қызметі мәлімдеді
Бурабайда коронавирус жұқтырғандардың саны артқан
Фото: borovoe.kz 03.08.2022 14:48 851

Ақмола облысында бір тәулік ішінде 101 адамнан коронавирус анықталды. Ауру тенденциясын талдау облыс тұрғындарының КВИ-ге қарсы иммундық қорғаныстың әлі де жеткіліксіз екендігін көрсетті,– деп хабарлайды El.kz.

Облыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 2 тамыздағы жағдай бойынша, Ақмола облысында коронавирус инфекциясын жұқтырудың 101 жаңа зертханалық расталған жағдайы тіркелді, оның ішінде симптомдары бар - 91 жағдай, симптомдары жоқ – 10 жағдай. Бұланды - 21, Бурабай – 20, Есіл ауданында - 17, Қорғалжын - 6, Көкшетау қаласында - 5, Ақкөл - 5, Зеренді - 5, Аршалы - 5, Атбасар - 3, Біржан Сал - 3, Ерейментау - 3, Сандықтау - 3, Шортанды - 3. Астрахан ауданында - 1.

«Тіркелген 101 жағдайдан тек 39 адам (38,6%) вакцинацияланды, 21 (70%) уақтылы ревакцинация алған жоқ, 19 (90,4%) уақтылы қайта ревакцинация алған жоқ. Ауру тенденциясын талдау облыс тұрғындарының КВИ-ге қарсы иммундық қорғанысының әлі де жеткіліксіз екендігін көрсетті», – деді ведомстводан.

Департаменттің баспасөз қызметінен атап өткендей, биылғы жылғы маусым айының 26-нан бастап Бурабай ауданында COVID-19 жұқтырғандардың өсуі байқалады, осы кезеңде 247 адамда расталды.

«Ауданда КВИ-мен 14 жасқа дейінгі балалар да ауырады, биылғы жылдың 26 маусымынан бастап 59 бала жұқтырған. Курорттық аймақ жақын шетелден келетін туристердің ағынына байланысты КВИ-дің таралу қаупінің ең үлкен аймағы болып отыр. Дәл осы жерде халыққа вакцинациядан, ревакцинациядан, төртінші қайта ревакцинациядан өту қажет. Бүгінгі күні Бурабай ауданы халқының тек 51,7 пайызы ғана ревакцинация алды, қайта ревакцинациямен небәрі 1746 адам қамтылды, бірінші компонентті 65,7 пайыз, екіншісін-59,1 пайыз алды», – деді департамент.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға