Жаңалықтар

Бурабайда саяжайдағы үй мен монша өртеніп кетті

Бурабайда саяжайдағы үй мен монша өртеніп кетті
Фото: Ақмола облыстық ТЖД 03.01.2025 05:29 513

Бурабай ауданы Зеленый Бор ауылындағы саяжай кооперативінде өрт шықты. Оқиға кезінде бір шатырдың астындағы саяжай үйі, монша және аула құрылыстары жанған, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Өрт сөндірушілер келген кезде үй толығымен отқа оранып, қалың түтін шығып жатқан.

Төтеншеліктер 300 шаршы метр алаңдағы өртті жедел түрде сөндіріп, жақын маңдағы саяжай үйлеріне қызыл жалынның таралуына жол бермеді.

Ақмола облыстық ТЖД өрт кезінде зардап шеккендер жоқ екенін айтты. Өрттің шығу себебі анықталуда. 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға