Бурабайда құйын соғып, суда тұрған қайықтар ұшып кетті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Әлеуметтік желіде тараған видеодан кенеттен соққан желдің су бетіндегі қайықтарды ұшырып, аударып тастағанын байқауға болады.
Видео Бурабай көлінде Оқжетпес тауының тұсында түсірілген.
Аяқ астынан пайда болған құйын жағада қаңтарылып тұрған жеңіл қайықтардың біразын судың бетінен көтеріп ұшырды.
Видеоның астына пікір қалдырған демалушылардың сөзінше, жапа шеккендер жоқ. Алайда мұндай құйын Бурабай курортында жаздың ыстық күндері орын алып тұратыны кездейсоқ емес.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

