Ақмола облысының Бурабай кентінде 106 адам құтқарылып эвакуацияланды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Бүгін күндізгі сағат 11:59-да Ақмола облысының Бурабай кентіндегі өрт туралы хабарлама келіп түсті. Өрт сөндіру бөлімшелерінің келуімен 3 қабатты "Алматы" қонақ үйінің ғимаратында 2-қабаттағы сервер бөлмесінде өрт анықталды.
Ақмола облысы ТЖД Өрт сөндіруші-құтқарушылары үш тізе баспалдақтың көмегімен 6 адамды құтқарып, 100 адамды, оның ішінде 25 баланы эвакуациялады. Зардап шеккендер жоқ. Қабылданған шаралармен өрт сағат 12:35-те оқшауланды, - деп жазылған ТЖМ-нің ресми хабарламасында.
Төтенше жағдай министрлігі ел азаматтарын өрт қауіпсіздігі шараларын сақтауға шақырып, өрт туындаған кезде дүрбелеңге түспеуді ескертеді.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

