Жаңалықтар

Бурабайда демалып жатқан балалар үйінің 10 тәрбиеленушісі ауруханаға түсті

Бурабайда демалып жатқан балалар үйінің 10 тәрбиеленушісі ауруханаға түсті
Фото: ©El.kz/Нуркен АЛИШЕВ 08.07.2024 12:35 705

Бурабайдағы сауықтыру орталығында демалып жатқан 10 бала ауруханаға түсті. Олар Павлодардағы балалар үйінің тәрбиеленушілері, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Демалушылар 30 маусымнан бастап балаларды сауықтыру орталығында болған.

Ақмола облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, 10 бала кеше 7 шілде күні сағат 11:30 шамасында Щучьедегі көпбейінді балалар ауруханасына түскен.

Жедел жәрдем бөлімінде балаларды инфекционист, отоларинголог дәрігерлері қараған.

ЖРВИ-ге қатысты жұтқыншақтан тампондар алынды. Ковидке ПТР, ротавирусқа және энтеровирусқа нәжіс, менингококкқа жұтқыншақ жағындысы, жұтқыншақтан бакпосев, мұрыннан БЛ жағындысы, ОАК алынды. Екі балаға ОГК рентгені жасалды. Үш балаға бұлшық ет антибиотиктері, қалғандарына ішу арқылы антибиотиктер, жұтқыншақты шаю емі тағайындалды. 6 балаға тонзиллит, 2 балаға бронхит, бір балаға ларинготрахеит және тағы бір балаға назофарингит диагнозы қойылды,-делінген ведомство мәліметінде. 

Бұған дейін Бурабай ауданына туыстарымен демалысқа барған 14 бала астан уланған болатын.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға