Жаңалықтар

Бурабайда 40-қа жуық отбасы қоныс тойын тойлады

Бурабайда 40-қа жуық отбасы қоныс тойын тойлады
Фото: Ақмола облысы әкімдігі 12.07.2024 23:37 607

Бурабай ауданында 40-қа жуық отбасы баспаналы болды. Халықтың әлеуметтік осал топтарына жататын 9 отбасы Щучинск қаласының элиталық тұрғын үй кешеніндегі жайлы пәтерлерді алды. Сондай-ақ 30 медицина маманы қызметтік пәтерге қол жеткізді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Ақмола облысы әкімдігі жыл соңына дейін Бурабай ауданында барлығы 40 пәтер сатып алынатын айтты.

Аймақ басшысы Марат Ахметжанов тұрғындарға кілттерді тапсыра отырып, Мемлекет басшысының бастамасымен құрылған жаңа бағдарламаның арқасында тұрғын үймен қолда бар мәселелерді жедел шешуге мүмкіндік пайда болғанын атап өтті.

Бұл шара көпбалалы отбасылардың, жетім балалардың, мүгедектердің және басқа да әлеуметтік маңызы бар санаттардың тұрғын үй жағдайларын жақсартуға мүмкіндік береді. Ең бастысы -тұрғын үйге кезекті айтарлықтай қысқартуға мүмкіндік береді. Бұл бағдарлама бойынша облыс бойынша 900-ге жуық пәтер сатып алынады. Басты міндет - тұрғындарымыздың жайлы жағдайда өмір сүруі, - деді Марат Ахметжанов.

Айта кетейік, Көкшетау, Қосшы қалаларында және Зеренді ауданында 200-ге жуық отбасы пәтер кілтін алды.

Көпбалалы ана Елена Кудаева тұрғын үйге кезекте 12 жыл тұрды. Оның айтуынша, жаңа пәтердің иесі болғанына әлі уақытта дейін сенбей отыр.

Бұл ең қуанышты күн. Бұл пәтер менікі екенін әлі түсінбей отырмын. Менімен бірге 8 бала тұрады. Бізге пәтер өте ұнады, ол керемет жөнделген және 3 метрлік төбелері бар. Осы бағдарлама үшін Мемлекет басшысына алғыс айтамын, - дейді тұрғын.

Денсаулық сақтау қызметкерлері арасында кадр тапшылығын азайту, сондай-ақ Бурабай ауданында жұмыс істеу үшін арнайы мамандарды тарту мақсатында дәрігерлер үшін 45 пәтерлік үй салынған. 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға