ШҚО құтқарушылары жағалаудан алыс кетіп қалған балықшыларға көмекке келді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Төтенше жағдайлар министрлігі таратқан мәліметке сүйенсек, Бұқтырма су қоймасының «Қаракөл» шығанағында 4 балықшы құтқарушылардың көмегіне жүгінді.
Белгілі болғандай, қозғалтқыштың ақаулығына байланысты олар жағаға жете алмаған.
ТЖМ қызметкерлері оларды жағаға аман-есен жеткізді. Балықшылар медициналық көмекке мұқтаж емес, - делінген ведомство хабарласында.
ТЖМ судағы қауіпсіздік сақтау үшін бірнеше кеңес ұсынады:
Қайықта құтқару күртешесін кию;
Қатты жел кезінде суға шықпау;
Сапар алдында жүзу құралының жарамдылығын тексеру қажет.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

