Ашық дереккөзден

Бүлік басталған Эквадор елінде қанша қазақстандық жүргені белгілі болды

11.01.2024 07:35

Эквадор еліндегі бүлік кезінде бұл елдегі қазақстандықтар жапа шекпегені белгілі болды, деп хабарлайды деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі ҚР СІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Қазіргі уақытта Эквадорда тұрақты негізде тұратын 7 ҚР азаматы бар, барлығы консулдық есепте. Олардан басқа бұл елге турист ретінде барған 3 адамнан тұратын қазақстандық отбасы бар. Консул олардың барлығымен хабарласып, тікелей байланыс орнатты, сондай-ақ қауіпсіздік шаралары туралы тиісті нұсқаулық берді. Зардап шеккендер арасында ҚР азаматтары жоқ, - деп жазылан ресми хабарламада. 

Бұған дейін Эквадорда мемлекеттік қарулы күштер мен есірткі картелінің содырлары қақтығысып жатқаны туралы айтылған еді. Елде жаппай тәртіпсіздіктер орын алуы салдарынан көшеде шектен шыққан оқиғалар жиілеген.