Жаңалықтар

"Бұл жерде мен жәбірленушімін". Қайрат Нұртастың соты өтіп жатыр

"Бұл жерде мен жәбірленушімін". Қайрат Нұртастың соты өтіп жатыр
Фото: instagram/kair_n 05.07.2024 12:25 2071

Әлеуметтік желілерде әнші Қайрат Нұртастың Шымкентте ұсталғаны туралы ақпарат таралған. Артынша Көліктегі полиция басқармасының баспасөз қызметі ақпаратты растады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Дәл қазір әншінің соты онлайн өтіп жатыр. Сотқа әншінің анасы Гүлзира Айдарбекова мен бауырлары және жәбірленуші Асылбек Бекқайыров қатысуда. 

4 маусымда сағат 20:00 шамасында  «Алматы-Астана» рейсінің бортында Бекқайыровпен келіспей, басынан оң жақ көзінен соққы жасаған. Сот медициналық қортындысына сәйкес, жәбірленушіге жеңіл дәрежеде зақым келген, - деді 73 бап бойыша толтырылған хаттаманы оқыған сот.

Ал әнші өзінің кінәсіз екенін айтып, ер адаммен төбелескенін мойындады.

Бұл жерде мен жәбірленушімін. Ол мені бірінші ұрды. Мен оны ұрған жоқпын. Неге мені қамағанын түсіне алмай отырмын, - деді Қайрат Нұртас.

Әнші оқиға қалай болғанын баяндап берді.

Маған сол күні досым "Тойға келесің ба?" деді. Сол кезде мен бармаймын деп боқтап жіберемін. Сол сәтте мына кісі мені келіп, басымнан екі рет соққы жасады. Жарақатты бәріміз алдық, еркекпіз ғой. Неге менің кінәмді сұрап отырсыздар?, - деді прокурорға берген жауабында.

Жәбірленуші бітімгерлік бойынша арыз жолдаған, ол әншіге қарсы талап-арызы жоқ екенін айтты.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға