Жаңалықтар

«Бұл заң жобасы емес, 200 беттік ақ қағаз». Депутат құрылыс министрлігінің жұмысын сынға алды

«Бұл заң жобасы емес, 200 беттік ақ қағаз». Депутат құрылыс министрлігінің жұмысын сынға алды
Фото: t.me/mazhilis_kz 13.02.2024 16:34 764

Мәжіліс депутаты Бақытжан Базарбек өнеркәсіп және құрылыс министрлігі әзірлеген құрылыс кодексінің жобасын қатаң сынға алды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Депутат өз сөзінде әзірленген құрылыс кодексінде ешқандай жаңалық жоғына тоқталды. Сөзінше, құрылыс нормасына қатысты 3 заңды қосып, бір заң ретінде кіргізе салған.

Министрлік «күшейттік» дейді. Алдымен, тек факттарға сенейік. Бұл заң жобасын мен бастан-аяқ зерттеп шықтым. Бірақ менде бұрынғыдан да көп сауалдар пайда болды, – дейді мәжілісмен.

Мәжіліс депутаты кодекстің 78-бабы заңның бірінші нұсқасынан көшірілген лоббистік норма екенін атап өтті. Айтуынша, онда ПДП жылына 2 рет түзетіледі. Қоғам оған наразы болған. Дегенмен министрлік лоббистік норманы өзгеріссіз қалдырған.

83-бапты қарасаңыз, функционалдық аумақ туралы. Тау бөктері көшкін жүруі мүмкін орын ретінде қаншама рет ескертілген. Ескі заңнан ол да көшірілген. Ескі заңдағы лоббистерді қорғайтын нормалар жаңа кодекске көшірілген, – дейді Базарбек.

Мәжілісменнің сөзінше, құрылыс кодексіндегі 84-бабы да, 86-бабы да өзгеріссіз көшірілген.

Таяуда көшкіннің салдарынан бір отбасы Алматыда көз жұмды. Сол үйлер тұрған аумақ жалпы қоғамдық орын саналатын. Қоғамдық орындарда құрылыс жүргізбейтін шығар деп ғылыми орта үміттенген. 86-бап болса құрылысшылардың мүддесі үшін қалып отыр. 87 бапта рекрациялық аймақтар туралы айтылады. Құрылысшылар рекреациялық аумақтарды отап, үй салады. 87-бап сол күйі көшірілген. Мұндай заңды 10 сыныптың оқушысы да жаза алады, бірінші курс студенті дейікші жарайды. Бұл реферат, – дейді ол.

Министрліктің жұмысын сынға алған депутат «бұл заң жобасы – заң емес, 200 беттік ақ қағаз» деп баға берді.

Алдымыздағы құрылыс кодексінің жобасы 177 бет, 34 бөлім, 200 баптан тұрады. Министрліктің қосқаны бар болғаны 3-4 бөлім ғана. Қалғандары Сәулет, қала құрылысы туралы заң, Жеке тұрғын үй құрылысы туралы заң және үлестік қатысу. Бұл заң жобасында ешқандай жаңалық жоқ. Басқаша айтқанда 3 заңды қосып-қосып бір заң ретінде кіргізе салған, - деді Бақытжан Базарбек. 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға