Жаңалықтар

«Бұл ШОБ-ты кезекті жазалау құралы болмауы тиіс». Сенатор жаңа заң туралы

«Бұл ШОБ-ты кезекті жазалау құралы болмауы тиіс». Сенатор жаңа заң туралы
Фото: Сенаттың баспасөз қызметі 22.02.2024 11:37 1397

Бүгінгі Сенат отырысында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне бизнес жүргізу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы заңының бірінші оқылымы мақұлданды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

ҚР Парламенті Сенатының Экономикалық саясат, инновациялық даму және кәсіпкерлік комитетінің төрағасы Сүйіндік Алдашевтың сөзінше, жақында Үкіметтің кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысы белгілеген басты міндеттердің бірі елімізде қолайлы бизнес-климатты қамтамасыз ету қажеттілігі екенін атап өткен.

Қойылған міндетті іске асыруға әсер етуші қадамдардың бірі бүгін қарастырылып отырған заң екені сөзсіз. Бірінші кезекте кәсіпкерлік қызметті реттеу мен қорғаудың жаңа тетіктерін енгізуге бағытталудың арқасында. Заң мемлекеттік бақылау мен қадағалау форматын жетілдіреді, заңнамалық деңгейде жедел әрекет ету шаралары регламенттеледі, - деді комитет төрағасы.

Сүйіндік Алдашевтың айтуынша, бұл шаралар шағын және орта бизнеске қатысты кезекті жазалау құралы болмауы тиіс.

Заңның барлық маңыздылығына қарамастан, оның жекелеген нормалары депутаттық корпуста елеулі алаңдаушылық туғызатынын атап өткім келеді. Біріншіден, бұл әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына төменгі және шекті бағаларды белгілеу тетігінің жойылуына байланысты. Жасыратыны жоқ, бұл шара жеткілікті деңгейде тиімді болмады және жергілікті атқарушы органдар мен халық тарапынан көптеген дау туғызды. Енді Үкімет шекті сауда үстемесін бақылауды күшейтуді ұсынады. Алайда сауда үстемесінің қолдану тәртібі анықталмағандықтан, бұл іс жүзінде қалай жүзеге асырылатыны түсініксіз болып отыр, - деп атап өтті ол.

Сондай-ақ комитет төрағасы ерекше назар аударуға лайық тағы бір мәселе ішкі сауда субъектілеріне мемлекеттік қолдау шараларын көрсету жөніндегі бастама екенін айтты. Сүйіндік Алдашевтың сөзінше, 2024 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша жұмыс істеп тұрған жеке кәсіпкерлік субъектілерінің ең көп үлесі немесе 37%-дан астамы сауда саласында қызметті жүзеге асырады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға