Жаңалықтар

Бұл сайлау – әділетті Қазақстан құрудың тарихи мүмкіндігі

Саяси науқанға деген көзқарас салмақты да салиқалы болуы шарт
Бұл сайлау – әділетті Қазақстан құрудың тарихи мүмкіндігі
11.11.2022 12:53 2745

Жаңа Қазақстанға жаңа экономикалық серпін керек. Бұл халықтың қалауы. Ендеше, жаһандық бәсекеге қабілетті  экономикалық орта қалыптасыру арқылы,  төрт құбыласы түгел елдердің қатарынан көріну міндет. Яғни, әлемдік технологиялық үдеріске ілесудің көздерін іздеу. Қазіргі заман талабы қатаң. Бірлігі бар елдің тірлігі де, ырысы да мол.

Сондықтан да, Қазақстан халқы келісе отырып, келешекті кеңесе пішкен жөн. Діттегені даму, көздегені экономикалық серпін болған елдердің өрелі ұстанымы осындай болуға тиісті.  Экономикалық кеңістіктің шынайы келбетін сонда ғана айқындаймыз. Ол үшін, әрине саяси науқандар керек. Өзіміздің тарихи келешегіміздің келбетін айқындап, тұрмысымызды жақсартуға біз де әрекет етсек.  Ол әрине, бір кісідей дауыс беріп, өз қалауымызды жасау. Жалпы дауыс беру сайлаудың негізі. Саяси науқанға деген көзқарас салмақты да салиқалы болуы шарт. Әр қазақстандықтың өз таңдауын жасауы маңызды.

«20 қараша еліміз үшін тарихи күн, яғни үлкен саяси науқан болғалы тұр. Осы кезектен тыс Президент сайлауына баршамыз бір кісідей қатысқанымыз абзал.  Өйткені, бұл күн еліміздің болашағы үшін маңызды. Әркім өзінің таңдауын дұрыс жасаса, ол біздің болашаққа деген үлкен қадамдарың бірі деп есептеймін. Тарихқа үңілсек, осыдан 100 жыл бұрын ХХ ғасырдың 20-шы жылдары қазақтың зиялы қауымы өзінің сайлау құқығынан айырылғаны белгілі. Менің қазақстандықтарға айтарым, бұл да бізге берілген бір мүмкіндік. Сайлауға қатысу деген ол өзіміздің саяси еркіндігіміз. Біз қоғамда болып жатқан саяси қадамдардан бейқам болмауымыз керек. Жаңа Қазақстанды жаңа идеялар, жаңа санамен, жаңа бағдарламалармен жасауымыз керек», – дейді Қ.Жұбанов атындағы АӨУ кафедра меңгерушісі Үмбетхан Сәрсенбин.

Халық бұл сайлау Қазақстанның бүкіл саяси жүйесін түбегейлі өзгертетін кезеңдерінің бастауы болмақ деген сенімде.  Яғни, экономиканы тұрақты дамытып, халықтың әл-аухатын арттырауға, тұрмыс сапасын жақсартуға бағытталған міндеттерді жүзеге асыруға мүмкіндік.

«Еліміздегі саяси науқан, кезектен тыс Президент сайлауындағы  халықтың белсенділігі жоғары болатынына сенімдімін. Рас, әр адам жаңа Қазақстанның гүлденгенін көргісі келеді. Басқа дамыған мемлекеттермен қабырғамыз тең болғанын қалаймыз. Ең әуелі әлеуметтік мәселелерді реттеп алуымыз керек. Ол үшін әрине, экономиканың  өсіп-өркендеуіне аса қажетті шарттардың көзін тапқан абзал. Ешбір экономика тұйықталып, өзінен-өзі дами алмайды. Оған кеңістік керек, оған қарым-қатынас керек. Дамудың жаңаша бір сатысына көтерілу үшін жаңаша бірігу керек. Ал, қазір заман бізден бірігуді талап етіп отыр. Бет-бетімізбен түйе айдайтын уақыт емес. Осындай саяси науқанда бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып, елдің ертеңін ойлау керек. Бұл бәрімізге ортақ талап. Сондықтан, қазақстандықтар осы сайлауда өз қалауын дұрыс жасайды деген үміттемін», – дейді ұстаз Салтанат Сентаева.

Қазақстандық саясаттанушылар ел ертеңі үшін маңызды науқанды 2019 жылдан бері жүргізіліп келе жатқан реформаның құрамдас бөлігіне телуде. Яғни, қазірге дейін реформаның бірнеше пакеті қабылданып отыр. Нәтиже жоқ емес. Заңнамалық актлерге өзгерістер енгізілді. Қазақстандықтардың да саяси белсенділігі артып отыр.

«Жалпы, қазір технологияның дамуына байланысты өзгерген әлеуметтік мәселелермен қатар, әлемдік қауымдастықтың мүшесі саналатын біздің қоғамның да әлеуметтік қажеттіліктері жыл сайын өзгеріп келеді. Бірақ, бұған тоқмейілсуге болмайды. Халықтың осы сайлаудан күтіп отырған үміті зор. Сол үмітті ақтау көптің қолдауына ие болар Президентке ауыр жүк. Жаңа Президент дидары өзгерген әлемдік көштен қалмаудың жолдарын іздеуі керек. Әлемдік  өзгерістерді тез түсініп, соған сай бағдарламалар түзеу міндеті тұр. Халықта сайлауда белсенділік танытып,  осы мәселелер реттелетініне сенім білдірген жөн», – деген пікірде саясаттанушы Әділ Сайлаубек.

Сарапшылардың айтуынша бұл Қазақстандағы жаңа сайлау болмақ. Өйткені, Президент 7 жылға бір реттен сайланады. Сондай-ақ, сайлау құжатында «барлығына қарсымын» деген нұсқауда пайда болды. Сондықтан, ел тұрғындары қалыс қалмай өз азаматтық таңдауларын жасаса игі.

«Сайлаудың жариялану себебі жаңа реформаларға бел шешіп кірісі үшін халықтың сенімі керек сияқты. Халық қолдайма,  қолдамайма деген сұрақ туындайды ғой. Жаңа Қазақстандағы бұл жаңа сайлау болып тұр. Жаңа ережелермен 7 жылға сайлаймыз. Менің ойымша бұл елдің жаңа демократияға бастауы болмақ. Өйткені, еститін мемлекеттің құралы ашық әрі әділ сайлау», дейді Қазақстан қоғамдық даму инситутының сарапшысы Елдос Жұмағұлов.

Қазіргі күні Қазақстанның әлеуеті көп елден көш ілгері. Алайда, дамыған елдердің  әлеуметтік жағдайымен санасу қажет. Халықтың әл-ахуалы ауқатты елдің экономикасы да еңселі болмақ. Біздің басты мақсатымыз Қазақстанның кемелді келешегін қалау.

«Қазақстан асқаралы асуларға қол созған ел. Уақыт талабын танып, тың ізденістерден тартынбаған мемлекетіміз жаңа Қазақстанның жаңа мегажобасын жүзеге асырды деген сенімдемін. Бұл кезектен тыс Президент сайлауын тарихи оқиғаға балау керек. Рас, бұған дейін сайлаулар болды. Алайда, осы саяси науқаннан халықтың үміті зор.  Қандай қоғамда болмасын, келешекке кемелді келісім, бұғаналы бетбұрыс қажет. Бүгінгі дәуірдің діттегені осы. Жүзден жүйрікті таңдайтын уақыт талабында тартынудың қажеті жоқ. Баршамыздың мүддеміз, ұстанатын мақсатымыз бір болу керек. Ол елдің ертеңі. Сайлау күні еріншектік танытпай, иә болмаса сенімсіздік білдірмей өзіміздің саяси еркіндігімізді жасауымыз керек. Дауыс бермей немқұрайлық танытсақ, ол өзімізе сын. Сондықтан, барша қазақстандықтарды дауыс беруше шақырамын. Ертең өкінбейтіндей өрелі таңдау жасайық», – дейді ақын Мұрат Жүніс.

Қазақстан шикізат көзі. Жер қойнауындағы қазба байлықпен өлшегенде көп елден бәсіміз басым. Алайда, өндірген шикізатты өңдей білсек өреміз өспей ме?!. Сондықтан, индустриялды-инновациялық жобалардың жолын соқпақтан даңғылға айналдыру күнтәртібінен түспесі анық. Осы сайлаудан менің күтетінім алдағы уақытта  Қазақстанның бұл саладағы жобалары жүзеге асыру керектігі,-дейді экономист Мейрам Баймұханов.

«Біздің еліміз тәуелсіздік алған 1991-1992-шы жылдарда Қазақстанда өндірістік әуелетіміз 1,2 пайыз ғана болыпты. Сонда 98,3 пайызы шикізатқа тәуелді екенбіз. Осы тәуелділіктен құтылу үшін біздің елімізде өндірісті дамыту, немесе ішкі өндірісті дамыта отырып отандық тұтынушыларды отандық тауармен қамтамасыз ету алға қойылған. Қазіргі кезде Қазақстан экономикасы 30 пайыздық өндірісті дамыту жетістік болса, әлі де 70 пайызы өзгенің алақанына қол жаюға мәжбүрміз. Мұндай мәжбүрліктен тез арада құтылу үшін елімздің ертеңіне сену керек. Ал, ол сенім ақталу үшін осы сайлауда қапысыз өз таңдауымызды жасау керек».

Жаңа Қазақстан  жаңа экономикалық бағыт ұстану керек. Бұл халықтың пікірі. Сайлаудан кейін  басты мақсат интеграциялық үдерістердің үдеуіне жол ашылары сөзсіз. Алда бағындырар бірнеше белес, алынбаған қыруар асу бар. Осы межелерді еңсеру үшін енді екпінді еңбек қажет. Қазір ертеңі бітпейтін еріншектің заманы емес. Керісінше, темірді қызғанда соғатын шақ. «Береке түбі-бірлік»,-деп шешкен ел болсақ бірігетін кез келді. Өрелі таңдау, әлемдік саясатты салиқалы ойлай алдатын жаңа Президент.

Мұндай пікірді Мемлекеттік қызметкер Нұрлан Әбіловте қолайтынын білдірді.

«Қазір дүниенің дамуы түрлі жағдайларға байланысты Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық, одан қалды саяси рольінің дүние жүзінде артып келе жатқандығын көрсетеді. Тәуелсіз Қазақстан Республикасы әлемдік бүкіл қауымдастыққа мүше болып енді. Қазір Қазақстанның әлемдік саясатта болсын, қауымдастықта болсын өзінің үні бар. Өзінің орны бар. Рас, тәуелсіздік алғаннан бері небір қателіктер болды. Өткенге салауат. Ал, келешекке кемелді келісім, бұғаналы бетбұрыс қажет. Бұл бүгінгі дәуірдің дегені. Аламанда арғымағың артта қалса, қарайласар қара қайда?. Демек, тең жүру жұғысты. Қазақстанның қазіргі ұстанымы осы болуы керек. Алдағы саяси науқаннан да  күтетініміз осы ғой. Мен, өз басым еліміздің ертеңіне сенемін. Бәрімізде сенуіміз керек. Сенім бар жерде ырыс, береке бар. Дауыс берейік, еліміздің ертеңіне сеніммен қарайық», – дейді ол.

Жалпы, қазір технологияның дамуына байланысты өзгерген әлеуметтік мәселелермен қатар, әлемдік қауымдастықтың мүшесі саналатын біздің қоғамның да әлеуметтік қажеттіліктері жыл сайын өзгеріп келеді. Сондықтан, дидары өзгерген әлемдік көштен қалмаймыз десек, бұл өзгерістерді тез түсініп, соған сай бағдарламалар түзу міндеті тұр.

«Бұл сайлау-жаңа да әділетті Қазақстан құрудың тарихи мүмкіндігі. Әрине, менің бұл сөзім тым әсіреленіп шыққандай көрінуі де мүмкін. Бірақ биылғы қаңтар оқиғасынан кейінгі еліміздің күрделі де сындарлы кезеңнен бой тіктеп және де еңсесін көтеріп шыға білгендігі осындай ой түйгізеді. Әсіресе, биылғы маусым айының 5 күні жалпыхалықтық референдум өткізу арқылы Конституциямызға толықтырулар мен өзгерістердің енгізілуі, соның негізінде күні кеше 6 бірдей заңға қол қойған Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев ендігі Қазақстанның заңдық ұстаныммен демократиялық жолмен дамитынын айқындап отыр. Әсіресе, Конситтуция бойынша енді Президенттің бала-шағасы, жақын ағайын-туыстары мемлекеттік қызметте, квазисекторлық мекемелерде басшы қызметте бола алмайды, Бұл өте маңызды қадам! Сонымен бірге ендігі президент бір мерзімдік 7 жылға ғана сайлана алады. Бұл да тарихи шешім! Елді ұзақ мерзім билеуші өзін халық алдында жауапты екендігін ұмытып кетеді-ау,-дейтін күдіктен арылуға болады», – дейді Қоғам қайраткері, жазушы-драматург Жабал Ерғалиев.

Бұл сайлауда еліміздің, жалпы халықтың алдында тағы да бір үлкен тағдыр тұр. Қазіргі бүкіләлемдік геосаяси жағдайды ескеретін болсақ, бізге ең бірінші бірлік, тұтастық, ынтымақ керек. Кез келген дүниені ынтымақпен шешуге болады. Мемлекет пен оның азаматтары бір-біріне қолдау білдіруі керектігін жете түсінген абзал. Бұған дейінгі сайлауларда қателіктер болды. Енді соны болдырмау керек. Халық бұл сайлаудан  әділдік күтеді.  Әділдік ол халықтың алдындағы жарияладық.

 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға