30 Сәуір, 17:57

«Бұл – нағыз ерлік!»

Қазақстанның жас хоккейшілері әлем чемпионаттарында алғаш рет жеңіске жетіп, отандастарына қуаныш сыйлады. 18 жасқа дейінгі ұлттық құрама ойыншылары басқа емес, хоккей бойынша үздік 10 елдің тізімінде тұрған Чехиялық қарсыластарынан басым түсті. Біздің жігіттер 3-3 есебімен ойынды овертаймға дейін жеткізіп, Мстислав Шипилиннің шайбасының арқасында жеңісті тойлады. Бұған дейін әлем чемионатына бір рет қана қатысқан Қазақстанның 18 жасқа дейінгі құрамасы жеңіп көрмеген болатын. Биылғы әлем біріншілігінде де алғашқы 2 ойында ұтылған хоккейшілер бұл ойында барын салды. Жастардың бұл жетістігін отандасары ерекше бағалап жатыр. Пікір жазушылардың бірі «Чехия деген мықты қарсыласты ұту бұл нағыз ерлік»  деп жоғары бағасын берген. Тағы басқалары «намысқа тырысты деген осы» деп риза болса, «осындай ойындардың трансляциясы болмайтыны өкінішті» деп қынжылып жатты. Ойынды жүргізген комментатордың өзі бар әлемге түсінікті етіп «сенсация» дегені де біздің жігіттерге айтылған үлкен мадақ іспетті.

Бөлісу: