жеке мұрағат

«Бұл – менің миссиям»: Танымал мектеп директоры қызметінен неге кеткенін айтты

Желіде кеңінен танымал болған Астана қаласындағы №58 мектеп-гимназиясының директоры Ақмоншақ Нұртаза қызметінен кететінін айтқан. Енді ол үзіліс алғанын айтып, ағынан жарылды, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.

Бұл жолы мен басқаша келдім... Үзіліс керек болды. Ішкі тыныштық, ой елегінен өткізу, алға қадамды нық басу үшін. Сол уақытта мен сіздердің қолдауларыңызды шын сездім. Күттіңіздер. Жаздыңыздар. Сендіңіздер. Бұл жай парақша емес екенін тағы бір рет түсіндім.
Бұл – менің миссиям. Ұстаздың жанын түсіну, демеу болу, шабыттандару. Оқушыны шынайы тыңдап, үнін есту. Ата-анаға бағыт беру. Жаңа ұрпақпен шынайы байланыс орнату. Бәрі бұрынғыдай көрінгенімен, Көп нәрсе өзгерді…Қазір жаңа бір жолдың алдында тұрғанымды анық сеземін. Мүмкін, бұл парақшада жақында бір жаңалық болады… Бірақ менің жүрегім, көзқарасым, мақсатым – сол күйі. Рақмет сенімдеріңізге, мені қолдағандарыңызға. Қайта әлеуметтік желіге оралуыма себеп болған – дәл сіздер!, - деп жазды Ақмоншақ Нұртаза.

Айта кетейік, Ақмоншақ Нұртаза бұған дейін 11-сынып түлектерімен бірге Димаш Құдайбергеннің орындауындағы Сәкен Сейфуллиннің «Тау ішінде» әніне арналған TikTok челленджге қатысып, үлкен резонанс тудырған болатын. Аталған бейнеролик 3,1 миллион қаралым жинап, челленж жеңімпазы атанып, ол Лондонда өтетін Димаш Құдайбергеннің концертіне билет жеңіп алған еді.