БҰЛ КҮНІ - 21 МАМЫР
21.05.2019 10:56
4683
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының қайраткерлік қызметінің жылнамасы.
2006 ж.: Мемлекет басшысы Ресей Федерациясының Сочи қаласында өткен осы елдің Президенті В.В.Путинмен бейресми кездесуге қатысты. Кездесу күн тәртібінің негізгі тармағы ТМД Мемлекет басшылары кеңесінің төрағасы өкілеттігін Қазақстан Президентіне тапсыру болды. Сонымен қатар, тараптар солтүстік Каспийдегі жаңа кен орындарын бірігіп игеру, шекара аймақтарының өзара іс-қимыл әрекеттерін кеңейту, жаңа біріккен қаржылық құрылымдарды құру, Қазақстан мен Ресейдің ЕурАзЭҚ, БЭК, ШЫҰ интеграциялық құрылымдар аясындағы өзара іс-қимыл мәселелері жөнінде пікір алмасты.
*****
Мемлекет басшысы «Т.С.Қабдырахмановты Қазақстан Республикасының Литва Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметіне тағайындау туралы» №116 Жарлығына қол қойды.
2007 ж.: Мемлекет басшысы Алматы қаласында ЭСКАТО-ның 63-ші сессиясы аясында өткен Азия мен Тынық мұхиты өңіріне арналған экономикалық және әлеуметтік комиссиясына мүше елдер министрлерінің ашық отырысына қатысты. «Комиссияның құрылуының мерейтойлық жылында ЭСКАТО-ның жыл сайынғы сессиясын Алматыда өткізу туралы біздің ұсынысымызды қабылдай отырып, мүше мемлекеттер елімізге үлкен құрмет көрсетті. Мұндай шешім ЭСКАТО-ның Орталық Азия өңіріне назар аударуға дайын екендігін дәлелдейді», – деді Қазақстан Президенті ЭСКАТО-ның министрлер кеңесінде сөйлеген сөзінде. «...Ортаазиялық елдердің географиялық ерекшеліктері олардың құрлықішілік жағдайлары болып табылады. Қазақстан теңізге шығу мүмкіндігі жоқ әлемдегі аумағы жағынан ірі мемлекеттердің бірі бола отырып, түрлі транзиттік-тасымалдау құбырлары жобаларын жүзеге асыруға мүдделілік танытып отыр әрі оларды қолдауға әзір. Әлемдік мұхитқа шығатын жолы жоқ дамушы елдердің Алматы іс-қимыл бағдарламасын тиімділікпен іске асыру мәселесіне айрықша көңіл бөлу керек». Сөз соңында Н.Ә.Назарбаев ЭСКАТО-ның 63-ші сессиясының қорытынды құжатында өңірдің өзекті проблемалары өз шешімін табатынына сенім білдірді. Сөйлеген сөзінің мәтіні
*****
Мемлекет басшысы ЭСКАТО-ның 63-ші сессиясына бірқатар қатысушылармен кездесу өткізіп, олармен оның жұмысының басты нәтижелерін талқылады. Кездесуге БҰҰ бас хатшысының әлеуметтік және экономикалық мәселелер жөніндегі орынбасары Х.А.Окампо, ЭСКАТО атқарушы хатшысы Ким Хак Су, Еуропалық экономикалық комиссияның атқарушы хатшысы М.Белку, БҰҰ бас хатшысының орынбасары А.Чоудхури және ЮНИФЕМ (БҰҰ Әйелдер мүдделерін дамыту қоры) атқарушы директоры Н.Хейзер қатысты.
*****
Мемлекет басшысы Қазақстан Жазушылар одағының төрағасы Н.М.Оразалинді қабылдады. Ол осы жылдың маусымында өткізу жоспарланған Қазақстан Жазушылар одағының ХІІІ съезіне дайындық жөнінде, қазіргі заманғы әдеби үдерістің өзекті арналары туралы әңгімеледі. Президент жазушылар шығармашылығына арқау болған тақырыптар, тәуелсіздік жылдарындағы қазақстандық өмірдің шындықтарын айқындайтын туындылар, Жазушылар одағы мүшелерінің жұмыс жағдайлары мен өмірлері жөнінде ықыласпен тыңдады.
*****
Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» №254-ІІІ Заңына қол қойды. Президент сондай-ақ «Көп балалы аналарды «Алтын алқа» алқасымен наградтау туралы» №332 Жарлығына қол қойды.
2008 ж.: Мемлекет басшысы «Е.Ә.Әбілдаевты Қазақстан Республикасының Канададағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметіне тағайындау туралы» №596, «Ә.І.Ахметовті Қазақстан Республикасының Тәжікстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметіне тағайындау туралы» №597, «М.С.Тәшібаевты Қазақстан Республикасының Франция Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметіне тағайындау туралы» №598, «А.Б.Қарашев туралы» №599 жарлықтарына қол қойды.
2009 ж.: Мемлекет басшысы Америка Құрама Штаттары «Carlyle Group» инвестициялық компаниясының басшысы Д.Рубенштейнді қабылдады. Ол Президентті компанияның Қазақстан экономикасының әртүрлі салаларын инвестициялау жөніндегі жоспарлары туралы хабардар етті.
*****
Мемлекет басшысы Қазақстанға ТМД елдерінің Үкімет басшылары кеңесінің отырысына қатысу үшін келген Ресей Федерациясы Үкіметінің төрағасы В.В.Путинді қабылдады.
*****
Мемлекет басшысы «В.С.Школьник туралы» №808, «Ә.Ө.Исекешевті Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрі қызметіне тағайындау туралы» №809, «Қазақстан Республикасы соттарының алқалар төрағаларын, төрағалары мен судьяларын қызметке тағайындау және қызметтен босату туралы» №810, «Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 17 қаңтардағы №1283 және 2004 жылғы 17 қаңтардағы №1284 жарлықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» №811 қбпү, «Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 17 қарашадағы №691 Жарлығына өзгеріс енгізу туралы» №812 жарлықтарына қол қойды.
2012 ж.: Мемлекет басшысы «General Electric Transportation» компаниясының президенті әрі бас атқарушы директоры Л.Симонеллиді қабылдады.
*****
Мемлекет басшысы «Total S.A.» компаниясының атқарушы вице-президенті И.-Л.Даррикаррерді қабылдады.
2013 ж.: Мемлекет басшысы Қазақстанға 2013 жылғы 22 мамырда өтетін өз жанындағы Шетел инвесторлары кеңесінің XXVI пленарлық отырысына қатысу үшін келген Еуропалық аэроғарыштық және қорғаныс концернінің («EADS») президенті Т.Эндерспен, «EADS Қазақстан» бас директоры С.Дэлонэмен, «Airbus» компаниясының бас атқарушы директоры Д.Лихимен, «Airbus» компаниясының халықаралық даму жөніндегі бас атқарушы директоры Ж.-П.Таламонимен, «ConocoPhillips» компаниясының Директорлар кеңесінің төрағасы Р.Лэнспен, «General Electric Transportation» компаниясының президенті Л.Симонеллимен екіжақты кездесулер өткізді.
Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне құқық қорғау қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» №93-V, «Дербес деректер және оларды қорғау туралы» №94-V, «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне дербес деректер және оларды қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» №95-V, «1923 жылғы 12 қыркүйекте Женева қаласында жасалған, 1947 жылғы 12 қарашада Нью-Йорк штатының Лейк-Саксесс қаласында қол қойылған хаттамаға сәйкес енгізілген түзетулерімен Порнографиялық басылымдар айналысының және оларды саудалаудың жолын кесу туралы халықаралық конвенцияны ратификациялау туралы» №96-V заңдарына қол қойды. Президент сондай-ақ «Б.Ә.Мұхаметжанов туралы» №570 Жарлығына қол қойды.
2014 ж.: Мемлекет басшысы Қытай Халық Республикасының Шанхай қаласында өткен Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары кеңесінің IV саммитіне қатысты.
*****
Мемлекет басшысы АӨСШК IV саммитінің жұмысы аясында Иран Ислам Республикасының Президенті Х.Руханимен екіжақты кездесу өткізді.
2015 ж.: Мемлекет басшысы Қазақстанға VIII Астана экономикалық форумына қатысу үшін келген Литва Республикасының Премьер-министрі А.Буткявичюсті қабылдады.
*****
Мемлекет басшысы Қазақстанға VIII Астана экономикалық форумына қатысу үшін келген Люксембург Ұлы Герцогтігінің Премьер-министрі К.Беттельді қабылдады.
*****
Мемлекет басшысы «Ғылым жөніндегі жыл сайынғы ұлттық баяндаманы дайындау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 21 тамыздағы №369 Жарлығына өзгерістер енгізу туралы» №27, «Көп балалы аналарды «Алтын алқа» және «Күміс алқа» алқаларымен марапаттау туралы» №28 жарлықтарына қол қойды.
2017 ж.: Мемлекет басшысы «АҚШ - Ислам әлемі» саммитіне қатысу аясында бірқатар екіжақты кездесулер өткізді. Атап айтқанда, Н.Ә.Назарбаев Америка Құрама Штаттарының Президенті Д.Трамппен әңгімелесті.
*****
Сол күні Мемлекет басшысы «АҚШ - Ислам әлемі» саммиті барысында Америка Құрама Штаттарының Мемлекеттік хатшысы Р.Тиллерсонмен кездесті.
Оқи отырыңыз:
БҰЛ КҮНІ - 20 МАМЫР
САН ҚИЛЫ ТАРИХИ ОҚИҒАЛАРҒА КУӘГЕР БОЛҒАН АЛМАТЫНЫҢ ДОСТЫҚ ҮЙІНЕ – 20 ЖЫЛ
АСТАНАДА ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫНЫҢ МУЗЕЙІ АШЫЛДЫ

Келіссөздер барысында екіжақты сауда-экономикалық ынтымақтастықты одан әрі дамытудың перспективасы талқыланды. Әңгіме барысында Қазақстан мен Ресейдің 2009-2010 жылдарға арналған бірлескен іс-қимыл жоспарын жүзеге асыру, энергетика саласындағы өзара іс-қимыл, «Байқоңыр» ғарыш айлағын пайдалану жөніндегі шарттық-құқықтық базаны жетілдіру мәселелері қаралып, Қазақстан, Беларусь және Ресей Кеден Одағын құру жөніндегі жұмыстардың барысы талқыланды.
*****
Мемлекет басшысы «В.С.Школьник туралы» №808, «Ә.Ө.Исекешевті Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрі қызметіне тағайындау туралы» №809, «Қазақстан Республикасы соттарының алқалар төрағаларын, төрағалары мен судьяларын қызметке тағайындау және қызметтен босату туралы» №810, «Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 17 қаңтардағы №1283 және 2004 жылғы 17 қаңтардағы №1284 жарлықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» №811 қбпү, «Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 17 қарашадағы №691 Жарлығына өзгеріс енгізу туралы» №812 жарлықтарына қол қойды.
2012 ж.: Мемлекет басшысы «General Electric Transportation» компаниясының президенті әрі бас атқарушы директоры Л.Симонеллиді қабылдады.
Кездесу барысында бірлескен жобалардың жай-күйі мен іске асыру перспективалары талқыланды.
*****
Мемлекет басшысы «Total S.A.» компаниясының атқарушы вице-президенті И.-Л.Даррикаррерді қабылдады.
Кездесу барысында бірлескен жобалардың жай-күйі мен іске асыру перспективалары талқыланды.
2013 ж.: Мемлекет басшысы Қазақстанға 2013 жылғы 22 мамырда өтетін өз жанындағы Шетел инвесторлары кеңесінің XXVI пленарлық отырысына қатысу үшін келген Еуропалық аэроғарыштық және қорғаныс концернінің («EADS») президенті Т.Эндерспен, «EADS Қазақстан» бас директоры С.Дэлонэмен, «Airbus» компаниясының бас атқарушы директоры Д.Лихимен, «Airbus» компаниясының халықаралық даму жөніндегі бас атқарушы директоры Ж.-П.Таламонимен, «ConocoPhillips» компаниясының Директорлар кеңесінің төрағасы Р.Лэнспен, «General Electric Transportation» компаниясының президенті Л.Симонеллимен екіжақты кездесулер өткізді.
Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне құқық қорғау қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» №93-V, «Дербес деректер және оларды қорғау туралы» №94-V, «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне дербес деректер және оларды қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» №95-V, «1923 жылғы 12 қыркүйекте Женева қаласында жасалған, 1947 жылғы 12 қарашада Нью-Йорк штатының Лейк-Саксесс қаласында қол қойылған хаттамаға сәйкес енгізілген түзетулерімен Порнографиялық басылымдар айналысының және оларды саудалаудың жолын кесу туралы халықаралық конвенцияны ратификациялау туралы» №96-V заңдарына қол қойды. Президент сондай-ақ «Б.Ә.Мұхаметжанов туралы» №570 Жарлығына қол қойды.
2014 ж.: Мемлекет басшысы Қытай Халық Республикасының Шанхай қаласында өткен Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары кеңесінің IV саммитіне қатысты.
Өз сөзінде Қазақстан Президенті әлемдік құрылымдағы жаңа қауіптер мен сын-қатерлердің пайда болуына ерекше назар аударды. Осыған байланысты ол АӨСШК-ні Азиядағы қауіпсіздік және даму ұйымына айналдыру туралы ұсынысын еске салды және форумға қатысушы мүше-мемлекеттердің көшбасшыларын өңірлік және жаһандық сын-қатерлерге ұжымдық жауап құралын құруды кейінге қалдырмауға шақырды, өйткені бұл елдердің тұрақты дамуы мен олардың халқының өркендеуіне жасаған тарихи қадам болмақ. Өз сөзін аяқтай келе,
Н.Ә.Назарбаев 2014-2016 жылдардағы АӨСШК-нің жаңа төрағасы - Қытай Халық Республикасы - Кеңестің нығаюына және оның одан әрі дамуына серпіліс беретініне сенім білдірді.
Отырыс қорытындысы бойынша Шанхай декларациясы қабылданды. Одан басқа, саммитте ұйымның қатары жаңа мүшелер: Катар және Бангладешпен толықты.
*****
Мемлекет басшысы АӨСШК IV саммитінің жұмысы аясында Иран Ислам Республикасының Президенті Х.Руханимен екіжақты кездесу өткізді.
Кездесу барысында екіжақты ынтымақтастықты тереңдетудің мәселелері, сондай-ақ халықаралық күн тәртібіндегі өзекті тақырыптар талқыланды.
2015 ж.: Мемлекет басшысы Қазақстанға VIII Астана экономикалық форумына қатысу үшін келген Литва Республикасының Премьер-министрі А.Буткявичюсті қабылдады.
Кездесу барысында сауда-экономикалық және инвестициялық салалардағы екіжақты ынтымақтастықты дамыту мәселелері қаралды.
*****
Мемлекет басшысы Қазақстанға VIII Астана экономикалық форумына қатысу үшін келген Люксембург Ұлы Герцогтігінің Премьер-министрі К.Беттельді қабылдады.
Кездесу барысында екі елдің ынтымақтастығын нығайту перспективалары, сондай-ақ Қазақстан мен Еуропалық одақ арасындағы қарым-қатынастарды аталған Одаққа Люксембургтің алдағы төрағалығы аясында тереңдету мәселелері сөз болды.
*****
Мемлекет басшысы «Ғылым жөніндегі жыл сайынғы ұлттық баяндаманы дайындау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 21 тамыздағы №369 Жарлығына өзгерістер енгізу туралы» №27, «Көп балалы аналарды «Алтын алқа» және «Күміс алқа» алқаларымен марапаттау туралы» №28 жарлықтарына қол қойды.
2017 ж.: Мемлекет басшысы «АҚШ - Ислам әлемі» саммитіне қатысу аясында бірқатар екіжақты кездесулер өткізді. Атап айтқанда, Н.Ә.Назарбаев Америка Құрама Штаттарының Президенті Д.Трамппен әңгімелесті.
Тараптар екіжақты өзара іс-қимылдың негізгі бағыттарын, соның ішінде сауда-экономикалық, саяси және мәдени-гуманитарлық салалардағы байланыстарды тереңдету келешегін талқылады. Екі ел президенттері сондай-ақ күн тәртібіндегі бірқатар халықаралық мәселелер бойынша пікір алмасты. Сонымен қатар, Мемлекет басшысы мемлекетаралық ынтымақтастықтың түрлі мәселелері жөнінде Кувейт Мемлекетінің Әмірі Сабах әл-Ахмад әл-Джабер ас-Сабахпен, Катар Мемлекетінің Әмірі шейх Тамим бен Хамад әл-Танимен, Бахрейн Корольдігінің Королі Хамад бен Иса әл-Халифамен, Әбу-Даби Әмірлігінің тақ мұрагері, Біріккен Араб Әмірліктері Қарулы Күштерінің Жоғары бас қолбасшысының орынбасары, шейх Мұхаммед бен Заид әл-Нахаянмен, Йемен Республикасының Президенті А.Салехпен, Мавритания Ислам Республикасының Президенті ульд Әбдел Әзизбен, Пәкстан Ислам Республикасының Премьер-министрі Н.Шарифпен пікір алмасты. Қазақстан Президенті Ислам ынтымақтастығы ұйымының бас хатшысы Юсеф бен Ахмед әл-Усайминмен өзара іс-қимылдың кейбір аспектілерін талқылады.
*****
Сол күні Мемлекет басшысы «АҚШ - Ислам әлемі» саммиті барысында Америка Құрама Штаттарының Мемлекеттік хатшысы Р.Тиллерсонмен кездесті.
Кездесу барысында екіжақты ынтымақтастықтың қазіргі ахуалы мен оның кейбір аспектілерін дамыту перспективалары, сондай-ақ күн тәртібінің мейлінше өзекті халықаралық мәселелері талқыланды. Н.Ә.Назарбаев Қазақстан мен АҚШ арасындағы өзара іс-қимыл көптеген бағыттар бойынша дамудың жаңа сапалы деңгейіне көтерілетініне сенім білдірді.
Дереккөз: Akorda.kz
Оқи отырыңыз:
БҰЛ КҮНІ - 20 МАМЫР
САН ҚИЛЫ ТАРИХИ ОҚИҒАЛАРҒА КУӘГЕР БОЛҒАН АЛМАТЫНЫҢ ДОСТЫҚ ҮЙІНЕ – 20 ЖЫЛ
АСТАНАДА ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫНЫҢ МУЗЕЙІ АШЫЛДЫ
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға