Жаңалықтар

«Бұл – катастрофа». Режиссер Ермек Тұрсынов отандық кино түсірушілерді сынға алды

«Бұл – катастрофа». Режиссер Ермек Тұрсынов отандық кино түсірушілерді сынға алды
Фото: Видеодан алынған кадр 15.01.2024 13:17 1216

Режиссер Ермек Тұрсынов отандық кино түсірушілерді қатаң сынға алды, деп хабарлайды EL.kz ақпарат агенттігі «Мүмкін емес» youtube арнасына сілтеме жасап.

Ол кино саласында деградация болып жатқанын мойындады.

Мен мұны тіпті диверсия дегім келіп тұр. «Таптым-ау, сені» фильмін жалқауланбай барып көрдім. Ұлтымыздың уланғаны соншалық соны көріп, мәз болып отыр. Орнымнан тұрып, «халайық, сендерді алдап соғып жатыр, мына киноның бәрі өтірік, немеге көріп отырсыздар?» дегім келеді. Қазір қайдағы бір актерлар мен режиссерлер қаптап кетті. Оның бәрін көргенше өліп кетуім керек еді. Меніңше, цензура бұл салаға енгізу керек, – деді режииссер.

Сонымен қатар, режиссер қазір қыздар да сахнада боқтық көп айтатынына қынжылатынын жеткізді. Бұлай кете берсе, қылмыскерлер қаптаған қоғам қалыптастырамыз дейді.

 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға