Бұл айда кешірім мен мейірім салтанат құрады – Мәулен Әшімбаев
Фото: parlam.kz
Фото: parlam.kz
23.03.2023 11:32
1214
Сенат төрағасы әлеуметтік желідегі парақшасында қасиетті оразаның басталуына орай жазба қалдырды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Еліміздегі барша мұсылман қауымды қасиетті Рамазан айының басталуымен шын жүректен құттықтаймын! Бұл айда сабыр мен төзім, кешірім мен мейірім, береке мен бірлік салтанат құрады. Мол сауаптан үміт еткен әрбір мұсылман отыз күн оразада ауыз бекітіп қана қоймай, мұқтаж жандарға қолдау көрсетіп, қамқорлық танытуға асығады. Мұның бәрі – ұлтты ұйыстырып, жұртты жұмылдыратын ізгі амалдар, – деп жазды Сенат төрағасы.
Сондай-ақ ол биылғы Рамазан жыл басы – Наурыз мейрамымен тұспа-тұс келіп отырғанын жақсылыққа балады.
Рухани тазару айы мен тіршілік атаулыға нәр беретін жаңару мерекесінің қатар келуін жақсылықтың нышаны деп қабылдаймыз. Бұл да игі істердің еселене түсуіне өз әсерін тигізері сөзсіз. Қасиетті айдың басталуымен құттықтай отырып, елімізге амандық, жерімізге тыныштық тілеймін. Әр шаңырақ шаттық пен қуанышқа кенелсін. Ұстаған оразаларыңыз қабыл болсын!, – делінген жазбада.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Шымкентте 12 бала астан уланып, ауруханаға түсті
Келесі жаңалық
Шымкенттік дәрігер республикада үздік атанды