«Бұл Алланың кішігірім ескертуі». Мәжіліс депутаты жер сілкінісі туралы пікір білдірді
Фото: parlam.kz
Фото: parlam.kz
23.01.2024 14:00
2704
Мәжіліс депутаты Ардақ Назаров Алматыда болған жер сілкінісіне қатысты ойын білдірді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Мәжілісмен Instagram парақшасында бұл құбылысты дінмен байланыстырды.
Талайды тәубесіне келтірген күн. Осы түн соңғы түніміз болғанда не істер едік? Бұл Алланың кішігірім ескертуі. Ойлап қараңызшы: жер бұдан да қатты сілкінгенде бүгін қандай хәлде болар едік. Аллаға шүкір! Бұл Алланың мейірімі деп түсіну қажет. Өйткені, үлкен ескерту келмес бұрын кіші ескерту, үлкен азап келмес бұрын кіші азап келеді. Адамдар шарасызбыз, қолымыздан түк келмейді, сөйте тұра тәкаппармыз. Ойлан. Тәубеңе кел, - деп жазды депутат.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға