Жаңалықтар

Букмекерлік кеңселер мәліметтерін органдарға беруге міндеттеледі

Букмекерлік кеңселер мәліметтерін органдарға беруге міндеттеледі
Фото: © Pixabay.com 07.02.2024 05:33 665

Букмекерлік кеңселер мен тотализаторлар мәліметтерін мемлекеттік кірістер органдарына беруге міндеттеледі, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

2023 жылғы 12 желтоқсанда Салық кодексіне Мемлекеттік кірістер комитетінің ақпараттық жүйелерімен аппараттық-бағдарламалық кешендердің интеграциясын қамтамасыз ету бойынша букмекерлік кеңселер мен тотализаторлардың міндетін көздейтін өзгерістер енгізілді (Салық кодексінің 24-бабының 26-тармағы). Аталған түзетулер 2024 жылғы 12 ақпаннан бастап күшіне енеді.

Интеграциялық өзара іс-қимыл тәртібі тиісті қағидалармен айқындалатын болады. Бүгінгі күні ол қағидалар әзірленген және мүдделі мемлекеттік органдармен келісу барысында (Туризм және спорт министрлігі, Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі).

Қағидалар букмекерлік кеңселер мен тотализаторлар мемлекеттік кірістер органдарына беретін және салық салу мақсаттары үшін пайдаланылатын деректерді айқындайды (бәс тігуге қатысушының ЖСН-і, ставкалар сомасы, бәс тігу нәтижелері, ұтыстар сомасы, ойын шотынан толықтыру/алу).

Бұл нормалар салықтық әкімшілендіруді жетілдіруге, сондай-ақ мемлекеттік органдар мен бизнес субъектілері арасындағы тиімді өзара ақпараттық іс-қимылды әзірлеуге бағытталған.

Алынатын мәліметтердің құпиялылығы ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы бірыңғай талаптарға, сондай-ақ «Ақпараттандыру туралы» ҚР Заңына сәйкес қамтамасыз етілетін болады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға