Бүгіннен бастап еліміздегі студенттердің шәкіртақысы өсті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Колледж студенттері үшін стипендия 50% артып, жұмысшы мамандықтары бойынша 43 574 теңгені, орта буын мамандары үшін 41 896 теңгені құрады.
Бакалавриат студенттерінің стипендиясы – 47 135 теңгеге дейін, ал педагогикалық және медициналық бағыттарда оқитындар 75 600 теңгеге дейін көбейді.
Интернатурада оқитындарға стипендия 85 376 теңге, ал резидентурада – 123 122 теңге көлемінде төленеді.
Магистранттар мен докторанттар үшін стипендия 15%-ға өсті: 107 061 теңге және 240 000 теңге болды.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

