Жаңалықтар

Бүгінгі күннің валюта бағамы

Ұлттық банктің 14 қарашадағы ресми бағамы – 1 долларға 462, 01 теңге
Бүгінгі күннің валюта бағамы
Фото: pixabay.com 14.11.2022 10:03 1457

Астана мен Алматы қалаларындағы ақша айырбастау пунктерінде доллар 462- 468 теңгеден саудаланып жатыр, деп хабарлайды El.kz.

Kurs.kz деректері бойынша, Астанадағы валюта айырбастау орындарында 1 доллар 462,5 – 467 теңгеден сатылып жатыр. Ал Алматыда доллар бағамы 463– 468 теңге аралығында құбылып тұр. 11 қараша кешкі сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 6,78 теңгеге арзандап, 461, 95 теңге болған.

Ұлттық банктің 14 қарашадағы ресми бағамы – 1 долларға 462, 01 теңге. Ресей рублінің орташа сараланған бағамы 7,67 теңге болды. Дәл қазіргі уақытта Алматыдағы ақша айырбастау орындарында Ресей валютасы 7,35– 7, 45 теңге аралығында саудаланып жатыр.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға