Жаңалықтар

Бүгінгі күннің валюта бағамы қандай?

Бүгінгі күннің валюта бағамы қандай?
Фото: ©El.kz/Артем ЧУРСИНОВ 02.06.2023 11:00 1103

Астана мен Алматы қалаларындағы ақша айырбастау пункттерінде доллар 444- 448 теңгеден саудалануда, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Kurs.kz мәліметінше, Астанадағы валюта айырбастау орындарында 1 доллар 444– 448 теңгеден сатылып жатыр.

Ал Алматыда доллар бағамы 445,5 – 448,5 теңге аралығында құбылып тұр.

1 маусым кешкі сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 0, 96 теңгеге қымбаттап, 448,67 теңге болған.

Ұлттық банктің 2 маусымдағы ресми бағамы – 1 долларға 448,72 теңге.

Ресей рублінің орташа сараланған бағамы 5,56 теңге болды.

Алматыдағы ақша айырбастау орындарында Ресей рублі 5,41 – 5,6 теңге аралығында саудаланып жатыр.

Астанада көрші ел валютасы 5,46 - 5,56 теңгеден сатылуда.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға