Жаңалықтар

Бүгін Сұлтанмахмұт Торайғыровтың туған күні

Бүгін Сұлтанмахмұт Торайғыровтың туған күні
Фото: Мәдениет және ақпарат министрлігі 28.10.2024 09:33 134

Бүгін ақын, ағартушы Сұлтанмахмұт Торайғыровтың туған күні, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Қаламгер 1912 жылы Троицкідегі Ахун Рахманқұли медресесіне түседі. Осы кезден ақыңдыққа ден қойып, «Оқып жүрген жастарға», «Тәліптерге», «Ендігі беталыс», «Оқудағы мақсат не?», «Шығамын тірі болсам адам болып», т.б. өлеңдерін, «Зарландым» атты ұзақ очеркін жазды. Осы тұста «Қамар сұлу» романын жазуды бастады.

Ол өмір шындығын көркем бейнелей келе, қазақ өлеңінің мазмұнын кеңейтті, сырға толы лирикалық жырлар қалдырды. Көптеген әңгіме, очерктер, әдеби-сын мақалалар жазды, екі роман («Қамар сұлу», «Кім жазықты?»), төрт поэмасын («Таныстыру», «Адасқан өмір», «Кедей», «Айтыс») жариялады.

Қаламгер «Қамар сұлуда» әйел теңсіздігі мәселесін көтере отырып, дәуір шындығын әлеуметтік тұрғыда талдады.

Торайғыров шығармалары – 20 ғасырдың басындағы қазақ қоғамы шындығын, ондағы жаңашыл ой-пікірдің дамуын танытатын үлкен мұра.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға