Жаңалықтар

«Бүгін шынымен де ерекше отырыс болды». Собчак Бишімбаевтың соты туралы

«Бүгін шынымен де ерекше отырыс болды». Собчак Бишімбаевтың соты туралы
Фото: t.me/Jogargy_sot 23.04.2024 11:46 4038

Ресейдің танымал журналисі Ксения Собчак Салтанат Нүкенованы өлтірді деген күдікке ілінген экс-министр Қуандық Бишімбаевтың Астанада өтіп жатқан сотына келуіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Собчак өзінің процестегі орнына шағым білдірген тілшілерге жауап берген.

Бүгін Қазақстан мен Ресей БАҚ өкілдері Қазақстанның бұрынғы министрі Қуандық Бишімбаевтың сотындағы «ерекше» жағдайым жайлы көп жазды. Өзге тілшілер тұрып тұрғанда, біз жәбірленуші тараппен бірге отырғанымыз сөз болды. Достар, мен бұл тақырыппен айналысып жүргеніме көп болды. Салтанат өлтірілген күні-ақ бұл жайтты назарға алдық, - деді Ксения Собчак.

Ол процесті тәуелсіз журналист ретінде баяндайтынын да алға тартты.

Бізді сотқа жәбірленуші тарап та, айыпталушы тарап та шақыртқан жоқ. Мен Жоғарғы сот арқылы аккредитациядан өттім. Ал әрі қарай баспасөз хатшысымен менің командам үнемі байланыста болды. Бізге қай жерден орын берсе, сол жерге отырдық. Бүгін шынымен де ерекше отырыс болды. Бұл туралы кейінірек міндетті түрде айтып береміз, - деп жазды Собчак Telegram-да.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға