Бүгін қазақстандықтар Спорт күнін атап өтеді
17.08.2025 10:11
Фото:
Туризм жəне спорт министрлігі
Қазақстанда жыл сайын тамыз айының үшінші жексенбісінде Спорт күні атап өтіледі, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Бұл мереке – елімізді халықаралық аренада абыроймен танытып жүрген кәсіби спортшылармен қатар, салауатты өмір салтын таңдаған барлық азаматтарға ортақ.
Елімізде заманауи спорт нысандары салынып, спорт саласын жаңғыртуға бағытталған заңнамалық бастамалар жүзеге асырылып жатыр, бұқаралық және балалар-жасөспірімдер спортын дамытуға жағдай жасалуда.
Спортпен шұғылдану денсаулықты нығайтып қана қоймай, ерік-жігерді шыңдайды, қиындықтарды жеңуге және алға қойылған мақсаттарға сенімді түрде жетуге үйретеді.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

