Бүгін елімізде наурызнама бойынша қайырымдылық күні атап өтіледі. Бұл күн қайырымдылық, мейірімділік пен игі істерді насихаттауға арналған, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Қайырымдылық - тек материалдық көмек көрсету емес, сонымен қатар рухани қолдау, өзгелерді жылы сөзбен жігерлендіру. Жалпы игі істер дәстүрін тарату қоғамда мейірімділік мәдениетін қалыптастыруға ықпал етеді.
Айта кетейік, Наурыз мейрамын тойлау онкүндігі 14-23 наурыз аралығында өтеді. «Наурызнама» халықтың тұрмыс-тіршілігі көрінетін барлық саланы қамтиды. Мәселен, қайырымдылық пен мәдени іс-шаралардан бастап, ұлттық дәстүрлер мен экологиялық акцияларға дейін ұйымдастырылмақ.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

