Бүгін президент Қазақстан халқына жолдау жасайды
EL.KZ Информационно-познавательный портал
08.09.2025 09:03
Фото:
Ақорда
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бүгін Парламент палаталарының бірлескен отырысында Қазақстан халқына жолдауын жариялайды, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Президент жолдауы сағат 11:00-ден бастап республикалық телеарналардан, сондай-ақ Ақорданың әлеуметтік желілердегі ресми парақшаларынан тікелей эфирде көрсетіледі.

