Жаңалықтар

Бүгін мемлекеттің болашағына қатысты маңызды шешім қабылданады - Қошанов

Бүгін мемлекеттің болашағына қатысты маңызды шешім қабылданады - Қошанов
Фото: ҚР Парламентінің Мәжілісі 06.10.2024 09:30 340

Қазақстан Республикасы Парламенті мәжілісінің төрағасы Ерлан Қошанов референдумда өз дауысын берді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Ерлан Қошанов  №163 сайлау учаскесіне келіп, өз дауысын берді.  Ол сөзінде дауыс беруге ерекше көңіл-күйде келгенін жасырмады. 

Бүгін ерекше мерекелік көңіл-күйдемін.  Себебі, бүгін - мемлекетіміз үшін өте маңызды күн. Мемлекеттің болашағына қатысты маңызды шешім қабылданады. Бастысы бұл шешімді халық қабылдайды. Негізгі мәселе - осы. Бүгін біз Мемлекет басшысы жариялаған конституциялық реформаны қабылдадық. Конституциялық реформасының негізгі мақсаты қандай? Ол - әр азаматтың мемлекеттің саяси өміріне еркін араласуы. Бүгін соның нақты көрінісі болды десек қателеспейміз,- деп түсіндірді Қошанов. 

Мәжіліс төрағасы халық тарапынан белсенділік өте жоғары екенін атап өтті.

Сіздер, біздер болып, барлығымыз бірге өз дауысымызды беруге келдік. Бізге әр өңірден ақпарат келіп отыр. Еліміздің әр өңіріндегі сайлау учаскелерінде халық дауыс беріп жатыр. Халық мемлекет болашағы үшін дұрыс шешім қабылдайды деген ойдамын, - деп қорытындылады Ерлан Қошанов. 

Естеріңізге сала кетейік, бүгін Қазақстанда АЭС салу мәселесі бойынша республикалық референдум өтіп жатыр.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 2 қыркүйектегі Қазақстан халқына жолдаған «Әділетті Қзаақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты жолдауында АЭС салудың маңыздылығына тоқталып өткен болатын.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға