Жаңалықтар

Бүгін – Конституция күні

Бүгін – Конституция күні
Фото: © El.kz 30.08.2023 09:00 1766

Бүгін – Қазақстан Республикасының Ата Заңы күні, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Қазіргі Конституция жалпыхалықтық референдум негізінде 1995 жылдың 30 тамызында қабылданып, 5 қыркүйегінде күшіне енді. Ата Заңымыз 9 тарау және 98 баптан тұрады.

Конституция – мемлекеттік құрылыстың құқықтық негізін қалыптастырушы құжат. Ол мемлекеттік тетік, қоғамдық, саяси институттар ретінде қызметтің негізі боларлық принциптерді орнықтырды, адам мен азаматтың конституциялық мәртебесін белгіледі, экономикалық құрылыстың негіздерін айқындады. Бұл Тәуелсіз Қазақстанның қабылдаған екінші Конституциясы. Алғашқы конституция 1993 жылы 28 қаңтарда қабылданған болатын.
 
Конституцияға 1998, 2007, 2011, 2022 жылдары бірқатар өзгерістер енгізілді.
 
Жаңа Конституция заң шығарушы, атқарушы және сот билігін белгілеп, олардың құзіреті мен өзара әрекет етуін заң тұрғысынан айқындады. Мемлекеттік лауазымды тұлғалар мен қарапайым азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын бұзуға жол бермейді.
Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға