Жаңалықтар

Бүгін – Конституция күні

Бүгін – Конституция күні
Фото: © El.kz 30.08.2024 09:04 578

Бүгін - Конституция күні. Биыл Ата заңымызға 29 толып отыр, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Қазақстан Конституциясы – мемлекеттің құқықтық негізін қалыптастырушы құжат. Ол 9 бөлімнен, 98 баптан тұрады.  

Тәуелсіз Қазақстанның тұңғыш Конституциясы 1993 жылы 28 қаңтарда қабылданды. 1993 жылғы Конституцияның негізінде еліміз парламенттік республика моделінде болса, 1995 жылы қабылданған Конституция негізінде президенттік-парламенттік билікке көшті. 1995 жылы қабылданған Конституцияға әр жылдары бірқатар өзгеріс енгізілді.

Конституцияда белгіленген демократия құндылықтары, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының кепілдіктері Қазақстан Республикасы дамуының нақты стратегиялық бағдарын айқындайды. Ата заңымыз – қастерлі Тәуелсіздігіміздің сенімді тірегі.   

Қазақстанда Конституция күні мемлекеттік мереке саналады. Осыған байланысты ел азаматтары мереке күні демалады. Биыл 30 тамыз жұмаға түсіп тұр, қазақстандықтар бір күн демалады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға