Бүгін халық әртісі, композитор Ғарифолла Құрманғалиевтің туған күні
01.01.2025 11:01
Фото:
gov.kz
Ол Е.Брусиловскийдің «Ер Тарғын», «Айман-Шолпан», «Қыз Жібек», Мұқан Төлебаевтың «Біржан-Сара», А.Жұбанов пен Л.Хамидидің «Абай» операларында күрделі партиялар мен түрлі рөлдер ойнады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Оның кемеліне келтіре орындаған «Айнамкөз», «Үлкен айдай», «Ақ кербез», «Ісмет», «Боз жорға», «Он алты қыз» т. б. халық әндері көпшілік көңілінен орын алды.
Композитор орындаушылық өнерімен қатар «Ақ Жайық», «Сүйген жар», «Нұржамал», «Жан еркем», «Аққу», «Сүйемін туған өлкемді» сынды көптеген ән шығарды.
Ғарифолла Құрманғалиев ән сапарымен төрткүл дүниенің талай елдерінде болып, әлемдік сахналардан ұлттық музыкалық салт-дәстүріміздің байлығын паш етті.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

