FIFA.COM

Бүгін футболдан 2026 жылғы әлем чемпионатының жеребе тарту рәсімі өтеді

Бүгін АҚШ-тың Вашингтон қаласында футболдан 2026 жылғы әлем чемпионатының финалдық кезеңіне арналған жеребе рәсімі өтеді, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.

Бұл жолғы мундиаль алғаш рет 48 құрама қатысатын форматта ұйымдастырылады. Әр топтан екі үздік команда және үшінші орын иеленген құрамалардың ішіндегі ең мықты сегізі 1/16 финалға жолдама алады.

Қатысушылар төрт себетке бөлінген. Қазіргі уақытта 42 құрама анықталған, қалған орындар келесі жылы өтетін плей-офф нәтижесімен толығады.

Себеттер құрамы:

1-себет:
Канада, Мексика, АҚШ, Испания, Аргентина, Франция, Англия, Бразилия, Португалия, Нидерланд, Бельгия, Германия.

2-себет:
Хорватия, Марокко, Колумбия, Уругвай, Швейцария, Жапония, Сенегал, Иран, Оңтүстік Корея, Эквадор, Аустрия, Аустралия.

3-себет:
Норвегия, Панама, Мысыр, Алжир, Шотландия, Парагвай, Тунис, Кот-д’Ивуар, Өзбекстан, Қатар, Сауд Арабиясы, ОАР.

4-себет:
Иордания, Кабо-Верде, Гана, Кюрасао, Гаити, Жаңа Зеландия, Еуропа плей-офф жолдары (А, B, C), және құрлықаралық өтпелі ойындардың екі бағыты.

Төрт жылдықтың басты додасы 11 маусым мен 19 шілде аралығында АҚШ, Канада және Мексикада елдерінде өтеді.

Айта кетейік, Әлем чемпионатының жеребе тарту рәсімі бүгін, Қазақстан уақытымен 22:00-де басталады.