Жаңалықтар

Бүгін еліміздің бірнеше өңірінде үсік жүреді

Бүгін еліміздің бірнеше өңірінде үсік жүреді
Фото: © El.kz 07.09.2023 00:27 640

"Қазгидромет" синоптиктері бірнеше өңірде дауылды ескерту жариялады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Қарағанды облысының солтүстігінде, орталығында тұман түседі деп күтіледі. Түнде облыстың шығысында сынап бағаны 2 градус суыққа дейін төмендеп, үсік жүреді деп болжанады. Облыстың оңтүстігінде өрт қаупі жоғары.

Күндіз Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, батысында найзағай ойнайды деп күтіледі. Күндіз облыстың солтүстігінде, батысында оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ойыса соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Батыс Қазақстан облысының орталығында, солтүстік-шығысында өрт қаупі жоғары. Облыстың оңтүстігінде, шығысында төтенше өрт қаупі сақталады. Орал қаласында күндіз найзағай болады деп күтіледі. Оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ойыса соққан желдің екпіні – 18 м/с.

Атырау облысының батысында, оңтүстігінде, шығысында найзағай ойнайды деп күтіледі. Оңтүстік-шығыстан солтүстік-батысқа ойыса соққан желдің найзағай кезіндегі екпіні – 15-20 м/с. Облыстың солтүстік-батысында, солтүстік-шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.

Күндіз Ақтөбе облысының оңтүстігінде, солтүстігінде, шығысында найзағай ойнайды деп күтіледі. Солтүстік-шығыстан соққан желдің найзағай кезіндегі екпіні – 15-20 м/с. Ақтөбе облысының батысында төтенше өрт қаупі сақталады.

Түнде Маңғыстау облысының солтүстігінде найзағай ойнайды деп күтіледі. Күндіз облыстың оңтүстігінде шаңды дауыл тұруы мүмкін. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде солтүстік-шығыстан солтүстік-батысқа ойыса соққан желдің екпіні – 15-20 м/с. Маңғыстау облысының басым бөлігінде өрт қаупі жоғары.

Ақмола облысының батысында, оңтүстігінде, шығысында тұман түседі деп күтіледі.

Қызылорда облысының батысында, орталығында найзағай ойнайды деп күтіледі. Қызылорда облысының орталығында, шығысында, оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Қызылордада төтенше өрт қаупі сақталады. 

Түнде Павлодар облысының батысында, оңтүстігінде тұман түседі деп күтіледі.

Түнде және таңертең Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, батысында тұман түседі деп күтіледі. Петропавлда түнде және таңертең тұман түсуі ықтимал. 

Таңертең және түстен кейін Түркістан облысының батысында, таулы аудандары мен тау бөктерінде найзағай ойнайды деп күтіледі. Облыстың солтүстігінде, батысында, таулы аудандары мен тау бөктерінде таңертең және түстен кейін шығыстан, оңтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Шымкентте күннің екінші жартысында найзағай ойнайды деп күтіледі. Шығыстан, оңтүстік-шығыстан соққан желдің найзағай кезіндегі екпіні – 15-20 м/с. Түркістанда күндіз найзағай ойнайды деп күтіледі.

Қостанай облысының батысында, оңтүстік-шығысында найзағай ойнайды деп күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, шығысында тұман түсуі ықтимал. Түнде облыстың шығысында топырақ беті қатып, сынап бағаны 1-3 градус суықты көрсетеді, үсік жүреді деп болжанады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға