qarmaqshy-tany.kz

Бүгін еліміздің бір қаласында ауа сапасы нашарлайды

19.02.2023 08:18

Бүгін, 19 ақпанда еліміздің бір қаласында ауа ластанады, деп хабарлайды El.kz Қазгидрометке сілтеме жасап.

Балқаш қаласында жайсыз метеорологиялық жағдай қалыптасады.

2023 жылғы 19 ақпанда Балхаш қаласында қолайсыз метеорологиялық жағдайлар күтіледі, - делінген синоптиктер таратқан хабарламада.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар дегеніміз - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасына әсер етеді.