Жаңалықтар

Бүгін елімізде Астана күні тойланады

Бүгін елімізде Астана күні тойланады
Фото: © El.kz 06.07.2024 07:20 969

Бүгін елімізде Астана күні атап өтіледі. "Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы" Заңына толықтырулар енгізіліп, мемлекеттік мереке күнін 6 шілдеде тойлау белгіленген, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

Ұлттық статистикалық бюро мәліметінше, 2024 жылдың 1 маусымында елордада тұратын халық саны 1 464 415-ке жетті. Оның 696 234 - і ерлер, 768 181-і әйелдер.

Былтыр Астанада өмір сүру ұзақтығы жалпы алғанда 78,09 жасты, ерлер үшін 74,23 жасты, әйелдердікі 81,28 жасты құрады. Дәл осы жылы алғаш рет некеге тұрған ерлер мен әйелдердің орташа жасы ерлер үшін 28,2 жасты, әйелдер үшін 26,4 жасты құрады.

2024 жылдың қаңтар-мамыр айларындағы туу коэффициенті 1000 адамға 19,50 болды. Сонымен қатар елордада 100 жастан асқан 21 адам тұрады, оның ішінде 15 әйел мен 6 ер адам.

Біз бұған дейін Қазақстанда Астана есімді қанша адам тұратынын жазған болатынбыз.

 

 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға