El.kz

Бүгін елімізде аптап ыстық болады

Қазгидромет синоптиктерінің болжамы бойынша, елімізде аптап ыстық болады, найзағай ойнап, жаңбыр жауады, тұман түседі, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.

Астанада күн күркіреп, бұршақ жаууы мүмкін, дауыл соғады. Солтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, күндіз оның екпіні 15-20 м/с дейін жетеді.

Ақмола облысында күндіз батыс, солтүстік және оңтүстік өңірлерде жаңбыр мен бұршақ жауады, дауыл соғады. Түнде бұл аудандарда найзағай ойнайды. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің екпіні 15-20 м/с, кей жерлерде 23-28 м/с жетуі мүмкін. Орталықта өрт қаупі жоғары. Көкшетауда жаңбыр мен бұршақ жауып, найзағай ойнайды.

Солтүстік Қазақстан облысында найзағай ойнап, оңтүстікте, солтүстікте және шығыста бұршақ жауады. Түнде және таңертең оңтүстікте, солтүстікте және шығыста тұман түседі. Петропавлда түнде және таңертең күн күркіреп, бұршақ жауады, тұман түседі.

Қостанай облысында батыс, оңтүстік және шығыста таңертең және күндіз найзағай ойнап, жаңбыр мен бұршақ жауады, дауыл соғады. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің екпіні 15-20 м/с жетеді, кей жерлерде 23-28 м/с болады. Оңтүстікте өрт қаупі жоғары, батыс пен шығыста өте жоғары болады. Қостанайда таңертең және күндіз найзағай ойнайды.

Павлодар облысында найзағай ойнап, бұршақ жауады, дауыл соғады. Оңтүстік-шығыстан соғатын желдің екпіні 15-20 м/с, кей жерлерде 23-28 м/с болады. Күндіз +35 ыстық болады. Өрт қаупі жоғары, әсіресе батыста, оңтүстікте және шығыста. Павлодарда найзағай ойнап, бұршақ жауады, дауыл соғады, желдің екпіні 15-20 м/с, өрт қаупі жоғары.

Қарағанды облысында батыс, солтүстік және шығыста найзағай ойнап, жаңбыр мен бұршақ жауады, дауыл мен шаңды дауыл соғады. Оңтүстік, оңтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні 15-20 м/с жетеді, кей жерлерде 23-28 м/с болады. Оңтүстікте күндіз +36 ыстық болады. Өрт қаупі өте жоғары. Қарағандыда найзағай ойнап, шаңды дауыл соғып, жел 20 м/с күшейеді.

Ұлытау облысында солтүстікте жаңбыр мен бұршақ жауады. Солтүстікте, шығыста және орталықта найзағай ойнап, дауыл мен шаңды дауыл соғады. Желдің екпіні 15-20 м/с болады. Оңтүстікте және шығыста өрт қаупі өте жоғары. Жезқазғанда найзағай ойнап, шаңды дауыл соғып, желдің екпіні 23 м/с болады.

Шығыс Қазақстан облысында батыс, солтүстік және шығыста найзағай ойнап, жаңбыр мен бұршақ жауады. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, оның екпіні 15-20 м/с, кей жерлерде 23 м/с болады. Күндіз +35...+38 градус ыстық. Өрт қаупі жоғары, оңтүстікте өте жоғары. Өскеменде найзағай ойнап, жел 18 м/с күшейеді.

Абай облысында түнде солтүстікте найзағай ойнайды, күндіз батыста, солтүстікте және орталықта найзағай ойнап, бұршақ жаууы мүмкін. Желдің екпіні 15-20 м/с дейін жетеді. Күндіз +35...+38 ыстық болады. Өрт қаупі өте жоғары. Семейде найзағай ойнап, жел 18 м/с күшейеді.

Алматы облысында күндіз таулы аймақтарда найзағай ойнайды. Желдің екпіні 15-20 м/с болады.

Жетісу облысында күндіз батыс, орталық және таулы аймақтарда желдің екпіні 15-20 м/с жетеді.

Жамбыл облысында күндіз таулы аймақтарда найзағай ойнайды. Желдің екпіні 15-20 м/с жетеді.

Түркістан облысында күндіз солтүстік және батыс аймақтарда желдің екпіні 15-20 м/с жетеді. Өрт қаупі жоғары. Шымкентте өрт қаупі бар.

Қызылорда облысында түнде батыста найзағай ойнап, күндіз орталықта шаңды дауыл соғады. Өрт қаупі сақталады. Қызылордада шаңды дауыл соғып, жел 17 м/с күшейеді.

Ақтөбе облысында қатты жаңбыр, түнде шығыста бұршақ жауады. Солтүстікте, шығыста найзағай ойнайды, күндіз солтүстік-шығыста жаңбыр жауады. Желдің екпіні 15-20 м/с болады. Өрт қаупі жоғары.

Атырау облысында күндіз батыста найзағай ойнайды. Желдің екпіні 15-20 м/с жетеді. Өрт қаупі жоғары.

Батыс Қазақстан облысында күн күркіреп, батыста бұршақ жауады. Желдің екпіні 15-20 м/с жетеді.

Маңғыстау облысында күндіз солтүстікте, батыста және орталықта найзағай ойнайды. Желдің екпіні 15-20 м/с болады. Өрт қаупі жоғары. Ақтауда найзағай ойнап, өрт қаупі сақталады.